Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Күншіл үйрек ертегісі
Алматы облысы, Жамбыл ауданы,
Ұзынағаш ауылы, Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектеп
МДШО және МЖИ КММ Бастауыш сынып мұғалімі
Калиева Жазира Касеновна

Сабақтың тақырыбы: Күншіл үйрек ертегісі
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: ертегінің мазмұнын, негізгі ойды меңгерту, түсініп оқу, түсінігін әңгімелеу дағдысына үйрету.
Дамытушылығы: шығармашылық қиялын, жүйелі ойлау қабілетін, сөздік қорын молайтып, тіл байлығын жетілдіру.
Тәрбиелігі: адам бойындағы жағымды – жағымсыз қасиеттер туралы өзіндік ой – пікірлерін қалыптастыру, адамгершілікке, табиғатты сүйе білуге, ондағы аң, құстарды қорғауға тәрбиелеу.
Түрі: аралас сабақ
Әдіс – тәсілдері: сұрақ – жауап, СТО (топтастыру, Венн диаграммасы) ой қозғау.
Көрнекілігі: слайдтар, интерактивті тақта, үлестірмелі суреттер.
Пәнаралық байланыс: дүниетану

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық:
Мен сенен жылу аламын,
Жүрегіме саламын.
Досыма сыйлаймын,
Сәттілік тілеймін.

ІІ. Өткенді қайталау
«Миға шабуыл», топқа бөлу.
1. Әріп дегеніміз не? Қазақ тілінде неше әріп, неше дыбыс бар? (Әріп)
2. Дыбыс деген не? “С” қандай дыбыс? Сөз, сөйлем құра. (Сөз)
3. Вагон сөзін буынға бөл. Оған дыбыстық талдау жаса. (Буын)

ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
Әріп тобына: Өлеңнің бірінші бөлігін әңгімелеу.
Сөз тобына: Сұрақ қою, талдау.
Буын тобына: Берілген сұрақтарға жауап беру.
• Құс аттарын атай отырып, «Бір қазан сүт» өлеңіндегі жоқ құсты табу (Үйрек)

ІҮ. Жаңа сабақтың мақсатын қою.
Ертегінің мазмұнын, негізгі ойды меңгерту, түсініп оқу, түсінігін әңгімелеу дағдысына үйрету.

Ү. Жаңа сабақ: «Күншіл үйрек»
Оқулықпен жұмыс:
• Ертегіні оқу, мазмұнын түсіндіру, талдау.
• Сұрақ – жауап алу. Мақалға тоқталу, талдау.
• Оқушыларға тізбектеп оқыту.

Сергіту сәті.

Сөздік жұмыс: «Күншіл» - көреалмаушылық, қызғаншақтық.
Әр топ суреттегі аңға, құстарға сипаттама береді.
Әріп тобына: Түлкінің суреті
Сөз тобына: Үйректің суреті
Буын тобына: Аққудың суреті

ҮІ. Жаңа білімді бекіту.
Венн диаграммасы бойынша құстарды салыстыру

ҮІІ. Жаңа сабақты қорыту.
Сахналық қойылым арқылы және сұрақ – жауап әдісі арқылы сабақты қорытындылау.
- Бүгінгі сабақ ұнады ма?

ҮІІІ. Үйге тапсырма.
• Күншіл үйрек ертегісін оқып келу
• Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама