Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Күй сандық

Жаугершілік заманында бір ақсақал адам торғауыттардың қолына түседі. Торғауыттар оны ауылына әкеліп, аяқ-қолына кісен салып тастайды. Сол кезде ауылға бір сыбызғышы келеді. Ауыл адамдары жиналып, сыбызғы тыңдайды. Сыбызғышы «Күй сандық» күйін тартқанда тұтқын шал: «Мен осы күйге билейтін едім», — дейді. Кісенді шешіп, шалды билетеді. Шал шебер биші екен. Оның өнеріне сүйсінген торғауыттар басына бостандық береді және алтын тон сыйлайды. «Күй сандық» торғауыттардың би күйі екен.

 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама