Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Күймесгүл

Күймесгүл — көпжылдық, өте улы өсімдік. Бұтақты сабағын қалың түк басқан. Гүлі күлгін қызғылт түсті. Жағымсыз иісі болғандықтан, мал да жемейді. Ұлпасынан қатты күйдіргіш зат бөлінеді. Жаңбырлы күндері гүлін бұтағымен жұлып алса, денеге тиген жерін күйдіріп жібереді. Орны қара дақ болып, көпке дейін кетпейді. Егер өсімдікті өртесе, жанып біткен кезде ешқандай өзгеріс болмағанын көреміз. Себебі отқа лап етіп жанатын — құрамындағы өте көп эфир майы. Осы қасиетіне байланысты өсімдік күймесгүл атанған.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама