Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
«Күз» Абай Құнанбаевтың өлеңі
Қазақ тілі 7 сынып
Сабақтың тақырыбы: «Күз» Абай Құнанбаевтың өлеңі
Сабақтың мақсаты: Абай Құнанбаевтың «Күз» өлеңінің мазмұнымен танысу.
Міндеттері:
1. «Күз» өлеңінің мазмұны мен идеясын ашу.
2. Ақын Абай Құнанбаев жайлы мағлұматтары кеңейту.
3. Өлең жазуға деген құлшынысы артады.
4. Табиғатқа деген сыйластығы, оларға қамқорлықпен қарауға үйренеді.

Көрнекілігі: Абай портреті. Күз суреті.
Әдістері: Оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегиялары, сұрақ - жауап.
Типі: аралас сабақ.
Түрі: жұптық жұмыс.
Қолданылатын стратегиялар: Ой шақыру, топтастыру, Венн диаграммасы.
Сабақтың барысы:
І Оқушыларды сабаққа әзірлеу.
ІІ Қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз айларын ата?
- Бүгінгі ауа - райы жайлы не айтасың?

Ой шақыру.
- Күз мезгілі сендерге несімен қызықты?
- Кім қандай ойда отыр?

ІІІ Сендер күз мезгілін осылайша суреттейді екенсіңдер? Ал енді Абай атамыз қалай суреттейді екенін бүгінгі сабағымызда көреміз.
Топтастыру арқылы Абай туралы білетіндерін еске түсіру.
Абай Құнанбаев

жазушы
аудармашы
ұлы ақын
қоғам қайраткері
қазақ халқының ақыны
философ

- Балаларға арнап жазған өлеңдерін білеміз бе?
Абай Құнанбаев өмірімен таныстыру.
Абай жайында интерактивті тақта арқылы слайдтарды қараймыз (3 минут)
Сонымен қатар Абайды лирик ақын деп те атаймыз.
1. Бүгінгі сабағымызда Абай суреттеген «Күз» өлеңімен танысамыз. (0. 30 - 2. 28)
2. Өлеңді мәнерлеп оқу.

«Күз» Абай Құнанбаевтың өлеңі. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама