Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Күз – мереке, күз – береке
Күз – мереке, күз – береке
Мақсаты: Балалардың күз мезгілі жайлы түсініктерін жинақтай отырып, күз
мезгілі туралы толық мағлұмат беру. Сұрақтарға жауап алу арқылы
тілдік қорын молайту. Түрлі ойындар арқылы ой-өрісін дамытып,
көңіл-күйлерін көтеру. Балалардың бойындағы өнерлерін еркін
көрсете білу дағдыларын қалыптастыру.
Қолданған әдіс-тәсілдер: ойын, рөлде ойнау, сұрақ-жауап, көрнекілік, т.б.
Көрнекілігі: тақ, тәждер, музыкалық аппарат, себеттегі жемістер, қанатты
сөздер, шарлар, жапырақтар, күз суреті.
Мұғалім: Сәлеметсіңдер ме, балалар? Көңіл-күйлерің қалай? /келген қонақтарға амандасайық/.
Балалар: Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Барша адамды құрметтеп
Бас иеміз біз.
Мұғалім: - Рахмет, балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
– Күз екенін қалай білдіңдер?
Мен сендерге бір жұмбақ жасырайын, сендер ойланып шешімін табыңдар.
Шөп сарғайып,
Жер қатайып.
Дала құты қашады.
Бөбектерім, айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады?
(Күз)

Ақниет: Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық!
Мерекесі халықтың,
Алтын күзге арналған
Кешімізді бастайық!
Мұғалім: Балалар, бүгін бізге ата-аналармен бірге екі қонақ келіпті, қане олардың кім екенін өздерінен сұрайық.
Аяулым: Жиын-терін болатын,
Қамбаға астық толатын.
«Қызыл қырман» ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?
(Күз)
Эльдар: Жауып жаңбыр,
Жер сабыр.
Шөп, жапырақ солады
Бұл қай кезде болады?
(Күз)
Мұғалім: - Сонымен қонақтарымыз кімдер екен? Ия, балалар, бұлар – Күз ханшайымы мен Күз ханзадасы.Олар сендердің өнерлеріңді тамашалауға келіпті.

Біздерде ойын сауық басталады,
Тамаша күй тартылып, ән салады.
Қошеметтеп қол соғып отыралық,
Ұмытармыз күні бойғы шаршағанды.
– - деп, ханшайым мен ханзаданы таққа отырғызып, оларға өз өнерімізді көрсетейік.
– Бекарыс: Алтын күз сізбен бірге шуақ шашсын,
– Көңілдің серіппелі күйін ашсын.
Бақ пен шаттық біріге қатар қонып,
Бүріне бірлікпенен ортақтассын.
Зухра: Көк майсалы көрікті,
Алқаптағы көп егін.
Бұл күндері киіпті,
Сары жібек көйлегін - дей отырып, Күздің керемет байлықтарын ортаға шақырайық.
/жеміс болып киінген балалар киімі туралы жұмбақтар жасырады, ал қалғандары шешімін табады.
Айым: Ортасында қазығы,
Бұтағында азығы.
(Алма)
Айбек: Бақшада жер қазық,
Жиып алдым жез қазық.
(Сәбіз)
Әдемі: Доптар жатыр желісі бар,
Қабат-қабат терісі бар.
(Қырыққабат)
Ә.Темірлан: Көк ала қойым,
Көгенде жатып семірді.
(Қарбыз)
Аяужан: Ызақор бұғып жатыр,
Сақалын тығып жатыр.
(Пияз)
Ернар: Қара ала қойым,
Байлап ем,
Желіде жатып тойынды.
(Қауын)
Мағжан: Әр желінің асты толған көк қоян,
Жаз болғанда көк қоянды жеп қоям.
(Қияр)
Аида: Жерде жатып желіндейді,
Пісірмесең желінбейді.
(Асқабақ)
Ақжол: Ұзын мұртты сарылар,
Қойнында дәні бар.
(Бидай)
Перизат: Аласа тал,
Тамаша тал,
Самсап тұр алмасы.
Ол – ал қызыл,
Ол – қан қызыл,
Боялғанша алмашы.
(Қызанақ)
Бекжан: Аспай піскен,
Қайнамай түскен.
(Жеміс)
Нұрислам: Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй.
Ән: «Қошақан» хормен.
Унзиля: Ал, мінеки, көрейік,
Қызығына күлейік.
Осы жолғы кезекті,
Ертегіге берейік.
Ертегі: «Шалқан»
Автор – Шұғыла
шал – Т.Темірлан
кемпір – Камила
қыз – Дильназ
ит – Алмат
мысық – Унзиля
тышқан – Әліби
Камила: Ал, келіңдер, келіңдер,
Біріңе-бірің еріңдер.
Күштеріңді тексеріп,
Саудаласып көріңдер.
Мұғалім: Келесі кезекті қызықты да, көңілді ойынға берейік.
1-ойын. «Бишілер»
Мақсаты: Ептілікке тәрбиелеу.
Шарты: Балалар әуен қосылғанда екі-екіден шығып, шарды қарындарына қысып ұстап, билейді.
2-ойын. «Кім жылдам?»
Мақсаты: Жылдамдыққа тәрбиелеу.
Шарты: Балалар әуен ырғағымен орындықтарды айнала билейді. Әуен тоқтағанда орындыққа отыра қалулары керек. Отыра алмай қалған бала ойыннан шығады. Сөйтіп бір адам ғана қалғанша ойын жалғаса береді.
Би: «Қыз Қызғалдақ»
Билейтіндер:---------------
Мұғалім: Осымен «Күз-мереке, күз-береке» атты сыныптан тыс сабағымызды аяқтаймыз.
Келген қонақтар, оқушылардың ата-аналарымен бірігіп жасаған көрмесін тамашалаңыздар.
Сөз кезегін мектебіміздің оқу ісі жөніндегі орынбасары Гүлзейнеш Бағдатқызына береміз.
Мұғалім: Уақыт бөліп келгендеріңізге көп-көп рахмет. Сау болыңыздар!

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама