Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Күзгі ағаш
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Бөлім: аппликация.
Тақырыбы: «Күзгі ағаш»
Мақсаты: күз мезгілі туралы ойларын кеңейту, жапырақтарды дұрыс жапсыруға үйрету.
Міндеті:
1. Қажетті құрылыс материалдарын жапсыруға үйрету
2. Кеңістікте орналастыру дағдыларын дамыту
3. Ұқыптылыққа тәрбиелеу
Көрнекіліктер: дайын ағаш суреті, қиылған жапырақтар, желім, желімге арналған қылқалам, клеенка, майлықтар
Сөздік жұмыс: орман ағашы
Билингвальдік компонет: жапырақ - листья, ағылшынша
Іс әрекет кезеңдеріТәрбиеші әрекетіБаланың әрекеті
 Мотивациялық қозғалыс
Ізденіс ұйымдастыру
Рефлексия
Балалар қараңдаршы бізге қонаққа апайлар келіп отыр. Амандасады.
Шаттық шеңбері:
Армысың Алтын Күн,
Армысың Жер Ана,
Армысыңдар достарым,
Сәлеметсіздер ме, апайлар!
Тірек - сызба
- Балалар мына схемаға қарайықшы
- Қазір қандай мезгіл?
- Күзде не жауады?
- Ағаштардың жапырақтары не істейді?.
Ғажайып сәт.
Құстың дауысы бар әуен ойнайды.
- Балалар қараңдаршы бізге құс қонаққа келіпті.
- Құстар қайда мекендейді?
Олардың ұялары қайда болады?
Оның бізге деген хаты бар. Ол хатты бізге «Күз» мезгілі жіберіпті. Ол мынадай сурет жіберіпті.(жапырақтары түсіп қалған ағаштар).
- Қараңдаршы қатты желдің әсерінен жапырақтар жерге түсіп қалыпты. «Күз» мезгілі осы жапырақтарды қайтадан ағашқа жапсырып беруімізді сұрайды.
- Көмектесеміз бе?
Билингвальді компонент:
Ағаш - дерево.
- Ал енді балалар қазір біз үш топқа бөлініп
орнымызға барамыз. Алдарымыздағы ағаштарға жапырақтарын жапсырамыз. Ол үшін жапсыру тәсілімен танысыпалайық.
- Жапсыру тәсілдерімен таныстыру:
Алдымызда тәленкелерде сары және қызыл түсті жапырақтар салынған. Сонымен қатар желімге арналған қылқаламдар тұр. Қылқаламмен желімді жаққан кейін қағаз майлықтың үстіне қоясындар. Ал қасында тұрған шүберекпен жапырақты ағашқа жапсырып, үстінен басасындар. Әр балаға үш жапырақтан қойылады.
- Балалар жұмыстарын бастайды. Кезектесіп келіп жапырақты жапсырады.
- Жақсы балалар, шаршадық па қане орнымызға тұрып сергіту сәтін жасайық.
Сергіту сәті:
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп - кішкентай ағаштар,
Үп үлкен болып өседі.
- Балалар отырады.
Балалар жұмысын талдау:
- Балалар қарайықшы біз ағашқа жапырақтарды жапсырдық. Ағашымыз әдемі болды ма?
Қорытынды:
- Балалар күз сендерге рахметін айтып жатыр. Қунғаны сондай бізге мынадай гүл шоғын беріп жіберіпті.(жапырақтан жасалған гүл шоғы)
- Бұл гүл неден жасалған?
- Түстері қандай?
Бұл гүлді біз топтағы табиғат бұрышына қойып қоямыз.
Балалар шаттық шеңберін жасап, амандасады.
- Күз мезгілі
- Жаңбыр
- Сарғаяды, жерге түседі
Балалар отырады.
- Балалар құсты тамашалайды.
- Далада
- Ағашта
- Иә
Балалар тәрбиешінің айтқан тыңдайды.
Балалар сергіту сәтін қызықты өткізеді.
- Иә
Қойылған сұрақтарға толығымен жауап қайтарады
- Жапырақтан
- Сары және қызыл












































Күтілетін нәтиже:
Білу: күз мезгілі туралы
Игеру: үлгі арқылы жұмыс жасауды
Меңгеру: жапырақтарды дұрыс жапсыруды, кеңістікте орналастыруды және
ұқыптылықты үйренді.
Дефектолог: Берекетова Динара Токтаралыевна
Павлодар қаласы
№ 52 арнайы балабақшасы

Сабақтың толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама