Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Күзгі орманға саяхат
Білім беру саласы: Таным.
Оқу іс – әрекеті: Қоршаған орта.
Бөлімі: математика, экология негіздері, құрастыру.

Тақырыбы: Күзгі орманға саяхат.
Мақсаты: балалардың күз туралы және табиғаттың күз мезгіліндегі ерекшеліктері туралы білімдерін жүйелеп, қорытындылау
Білімділік: балалардың жыл мезгілі «Күз» туралы, күз айлары және оның маусымдық белгілері туралы білімдерін бекітуге жағдай жасау;
«Жыл мезгілі - Күз» тақырыбы бойынша сөздік қорларын байытуға мүмкіндік туғызу;
Дамытушылық: есте сақтау, қиялдау және логикалық ойлау қабілеттерін, сөздік қорларын дамыту,
Тәрбиелік: күзгі көріністің сұлулығын сезінетін эмоцияларын туғызу; әсемдік сезіміне тәрбиелеу.
Билингвалды компонент: күз мезгілі, жапырақтар сарғайды, жаңбыр.
Сөздік жұмыс: алтын, түрлі – түсті, ерте, кеш, жапырақтар түсті.
Алдын – ала жүргізілетін жұмыстар: күз мезгілі туралы әңгімелеу, күз туралы өлең, тақпақтарды жаттау. Күзгі табиғатқа бақылау жасау, жапырақтар жинау; күзгі суреттерді қарау, жұмбақтар шешу, құстар мен жануарлар жөнінде әңгіме өткізу.
Технологиялық қамтамасыз ету: АКТ, слайд - жыл мезгілдері, бейнеролик «Күзгі орман», гуашь, қылқалам, альбом парағы (жапырақтың кескіндері бар), су құйылған стакан, сүрткіш, пакет, апельсин, желдеткіш - веер, музыка.

Жүру барысы: Тәрбиеші: балалар, кәне бәріміз шеңберге тұрайық.
- Амансың ба, алтын күн ( қолдарын жоғары көтеру)
- Амансың ба, көгілдір аспан ( қолдарын жанынан жоғары көтеру ).
- Амансың ба, самал жел( қолды жоғары көтеріп тербеу ).
- Амансың ба, мөлдір су ( қолды төменгі жақтан тербеу)
- Қайырлы күн! (оң қолды жанына қарай жіберу ).
- Қайырлы таң! ( сол қолды жанына қарай жіберу).
Тәрбиеші: балалар мен қазір жұмбақ жасырамын, ал сендер мұқият ойланып, шешуін табыңдар:
«Жапырақты бояды,
Атырапты бояды.
Бояп - бояп барлығын
Сап - сары ғып қояды.»
Балалар: Күз.
Тәрбиеші: дұрыс айтасыңдар, бұл – күз.
Тәрбиеші: балалар, сендер әр жыл мезгілінің 3 айы болатынын білесіңдер, күз мезгілінің айларын атаңдаршы.
Балалар: қыркүйек, қазан, қараша.
Тәрбиеші: күз мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады, күз мезгілінің қандай белгілері болады?
Балалар: күннің көзі шығады, бірақ жылуы азая бастайды, күн қысқарып, түн ұзарады; аспанды қалың бұлттар жабады; жаңбыр ұзақ сіркіреп жауады; суық өкпек жел соғады; құстар жылы жаққа ұшып кетеді; жануарлар қысқа қор дайындап,, кейбіреулері ұйқыға кетеді, адамдар егін өнімдерін жинай бастайды.
Күз - ғажап мезгіл.
Тәрбиеші: Балалар, қазір бәріміз күзгі орманға барамыз. Күз орманды ретке келтіріп тастаған болар. Біз осы реттілікті сақтауымыз керек. Қане, сыйқырлы сөзді айтайықшы: оңға, солға бұрыл, орманда бол!
Экраннан « Күзгі орман» бейнеролигі көрсетіледі.
- Орман деген не?
Балалар: Онда көп ағаштар өседі. Орманда ағаштың көптеген түрлері болады.
Тәрбиеші: Орманда қандай ағаштар өседі?
Балалар: шырша, қайың, көк терек, емен, үйеңкі, жөке ағашы.
Қимылды ойын: «Өз жұбыңды тап»

Шарты: Балалар шеңбер құрып тұрады, ортада жапырақтар жатыр
(жапырақтардың саны балалардың санына сәйкес және олардан жұп құра алатындай етіп алынады. Балалар шеңберді айналып: «Бір, екі, үш, тез жапырақты ал» деп жүгіреді. Балалардың әрқайсысы бір жапырақтан алады.
Тәрбиеші: Өз жапырағыңның түсіне сәйкес жұптарыңды табыңдар, - дейді. Тапсырманы түрлендіруге де болады: бір ағаштың жапырағынан жұп құру, немесе ағаштың бір түрінің жапырағының көлемдері сәйкес болуы керек.
Тәрбиеші: Орманда тағы да нелер өседі?
Балалар: саңырауқұлақтар, жидектер.( адамдар орманға неге барады.)
Тәрбиеші: Орманда нелерді кездестіреміз?
Балалар: Жануарларды.
Тәрбиеші: Жануарлар күзде не істейді?
Балалар: Қысқа дайындалады.
Тәрбиеші: Олар қысқа қалай дайындалады?
Балалар: қысқа қор жинап, терісі түлейді, өзіне қоныс дайындайды.
Тәрбиеші: «Не қайда ұйықтайды?» деген дидактикалық ойынды ойнайықшы, мен жануардың атын атаймын, ал сендер оның қайда ұйықтайтынын айтасыңдар, жарай ма?
Түлкі – інде
Қасқыр – апанда
Тиін - ағаштың қуысында
Аю – апанда.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама