Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Күзгі табиғат көрінісі
Сабақтың тақырыбы: Күзгі табиғат көрінісі
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға жыл мезгілдерін айта отырып, күз айының ерекшеліктерімен таныстыру.
2. Әр мезгілдің өзіне тән ерекшелігі болатыны туралы түсінік беру.
Дамытушылығы: Табиғат құбылыстарын бейнелеуде әр түрлі құбылыстарды меңгеруге дағдыландыру. Есте сақтау қабілетін дамыту.
Тәрбиелігі: Эстетикалық тәрбие беру; Табиғат көріністерін бейнелеу арқылы бейнелеу өнері пәнін және өз елінің табиғатын сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: әңгіме, баяндау
Сабақтың көрнекілігі: Түрлі түсті күзгі сурет иллюстрациясы және Левитанның «Алтын күз» картинасы.
Оқушылар үшін альбом, қарындаш, палитра, бояу, қылқалам

Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
амандасу
түгелдеу

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Өткен сабақтан алған білімдерін тексеру, ой қозғау, мақсатында қайталау сұрақтарын сұрау:
1) Бейнелеу өнері неше түрге бөлінеді?
2) Графика, кескіндеме, сәндік қолданбалы өнер дегеніміз не?
3) Бейнелеу өнері түрлеріне орындау тәсіліне мазмұнына байланысты қандай жанырларға бөлінеді.
4) Адам келбетін бейнелейтін жаныр қалай аталады? (портрет)
5) Жансыз заттар мен бұйымдарды бейнелейтін көркем шығарма? (натюрморт)
6) Табиғат көрінісін бейнелейтін жанр. (пейзаж)

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
1. Табиғат дегеніміз не? (Табиғат бізді қоршаған орта).
2. Қазір жылдың қай мезгілі? (Күз).
3. Күз мезгілінде қандай өзгерістер болады? (Жапырақтар түседі, күн суытады, құстар жылы жаққа кетеді).
И. И Левитанның «Алтын күз» картинасы бойынша әңгімелесу.
1.«Алтын күз» картинасынан суретші күздің қандай кезеңін бейнелеген?
2. Неге күздің осы уақытын «Алтын күз» дейді? Суретші қандай көңіл күйді бергісі келген?- деген сұрақтар қойып, балалардың осы суреттен алған әсерлерін қорытындылаймыз. Мұнда балалардың мазмұнын түсінгені ғана емес, суретшінің күйін сезінгендері маңызды.

Сондықтан әңгімелесуде балалардың күзгі табиғатты қабылдауындағы ойларын, сезімдерін сурет арқылы көрсете білулерін, табиғат көрінісін бейнелеуде ерекше көңіл аударуларын, жыл мезгілдеріне байланысты әр уақыттың өзінің ерекшеліктері бар екенін және адам мен табиғат әрқашанда егіз екенін айтып түсіндіру.
Табиғатты асыраушың - қамқоршың десең де болады.

М: Ата - бабамыз «Жер қазына, су алтын, мал байлық деп өсиет айтып келгені тегінен тегін емес. Күнделікті ішіп жүрген тамағымыз, үстіміздегі киіміміз, оқитын кітабымыз, жазатын қағазымыз, мінер көлігіміз, ауырғанда пайдаланатын дәріміз, тыныс алар ауамыз, ішер суымыз – осылардың бәрі жомарт табиғаттың тартқан сыйы». Соның ішінде күз көрінісін ерекше алуымызға болады. Күзде жапырақтар мен талдардың сарғайып ақшыл түске бөленуі және жерге түсуінің де бір ерекшелігі табиғаттың өте көңілсіздігін байқауға болады. Бүкіл жан біткеннің бәрі өздерінің тіршілігімен жыбырлап қысқа қамын жасауы, егін оруы, егін жинауы, тіпті жер бетіндегі жәндіктердің де ініне тамақтарын тасуы, құстардың суық жақтан жылы жаққа қайтуы міне, осының бәрі табиғат көрінісімен адам, жер бетіндегі жәндік атауларының табиғат пен егіз екенін байқауымызға болады.
Сондықтанда әр мезгілдің өзінің уақыты және өзіне тән ерекшелігі болатынын білуімізге болады.
Оқушыларға «Күзгі табиғат көрінісі» туралы айтып түсіндіріп сурет салдыру.

ІV. Өзіндік жұмыс жасату.
V. Қорытындылау: Сабақтың аяғында оқушылардың салған суретшілерін тексере отырып, өздерінің суреттеріне сипаттама беруін сұраймыз.
VІ. Бағалау.
VІІ. Үйге тапсырма: Суреттерін аяқтап келу.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама