Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Квадрат теңдеулер
Сабақтың тақырыбы: «Квадрат теңдеулер»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың квадрат теңдеулерді және оған келтірілетін теңдеулерді шешу дағдыларын жетілдіру;

Дамытушылық:оқушылардың ойын жеткізе білуін және ой өрісін дамыту.
Тәрбиелілік: оқушыларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, дәлдікке тәрбиелеу;
Сабақтың көрнекілігі: Плакаттар, карточкалар
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру
Үй тапсырмасын тексеру
Квадрат теңдеулерді және оған келтірілетін теңдеулерді деңгейлік тапсырмалар арқылы шығара отырып, 2 топқа бөлініп сайысқа түседі.
Әр топ қарсылас командасының жинаған ұпайын жазып отырып, соңында қорытындылайды.

I – топ «Алғырлар» II – топ «Тапқырлар»
I бөлім - «Танымдық» сайысы деп аталады. (барлығына ұпайы жазылған сұрақ қойылады, жауап бере алмай қалған оқушы үшін ұпай жойылып, басқа оқушы жауап береді).
1-деңгейлік тапсырма:
I, II топқа:
1) Квадрат теңдеудің анықтамасын айтыңыз (3 ұпай)
2) Толымсыз квадрат теңдеу дегеніміз?(3 ұпай)
3) Квадрат теңдеудің қанша түбірі болуы мүмкін? (4 ұпай)
4) Виет теоремасының тұжырымдалуы? (4 ұпай)
5) Қандай теңдеуді келтірілген квадрат теңдеу деп атайды? (3 ұпай)
6) Виет теоремасына кері теорема? (4 ұпай)
7) Бөлшек рационал теңдеуді қалай шешеді? (3 ұпай)
8) Толымсыз квадрат теңдеудің әр түрінің қанша түбірлері болады?
(3 ұпай)
II бөлім - «Біліктілік» сайысы. (тақтаға ілінген ұпай саны жазылған ұяшықты таңдау арқылы , оқушылар берілген тапсырмаларға жауап береді).

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама