Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Квадраттық функцияның графигі. у= ах ²+n, у= а(х – m) ² функцияларының графиктері тақырыбына есептер шығару
Алгебра 8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Квадраттық функцияның графигі. у= ах ²+n, у= а(х – m) ² функцияларының графиктері тақырыбына есептер шығару
Сілтеме: Алгебра 8 сынып, күнтізбелік жоспар
Жалпы мақсаты: Өз бетімен қорытынды шығарып, ойларын ашық айту және ойлау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, есте сақтау, байқағыштық, тапқырлық қабілеттерін дамыту.

Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: у=ax ² функциясының графигін пайдаланып, y= ax ²+n, y=a(x - m) ² және y=a(x - m) ² +n функцияларының графиктерін салу алгоритмін білу; осы алгоритм арқылы функциялар графиктерін сала білу.
Дамытушылық: Көру арқылы, салыстыру арқылы ойлау қабілеттерін, математикалық сөйлеу тілін дамыту, пәнге қызығушылықтарын арттыру
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, өз беттерімен жұмыс істеуге, жауапкершілікті сезінуге тәрбиелеу; бірін бірі тыңдау, құнды пікір айтуға дағдыландыру;

Әдіс – тәсілдер: Тәсілі: жұппен, топпен
Әдісі: СТО, диалог
Оқу нәтижесі:
Оқушылар у=а ² функциясының графигін пайдаланып, y= ax ²+n, y=a(x - m) ² +n функцияларының графиктерін сала біледі.
Салынған графиктерді қолданып, функцияның формуласын жаза алады.
Берілген тапсырмаларды жұпта орындауға үйренеді.
Оқушылар өзін және достарын бағалауға дағдыланады.
Есеп шығаруда ережелерді қолдана білу дағдысы қалыптасады.
Математикалық тілде сөйлеу қабілеттерін дамытады.

Ынталандыру сатысы (10 мин)
Оқушылармен амандасу,
сабаққа сәттілік тілеу
Ойсергек арқылы жағымды психологиялық ахуал қалыптастырамын.
Мына кестеден берілген функциялардың графигін дұрыс анықтағанда, әр парабола төбесіндегі әріптерден қандай сөз шығады? Ол нені білдіреді?
а) y = - x ²; ә) y = (x+5) ² б) y = -(x - 3) 2 +4;
в) y =(x+4) 2 – 4 г) y = -(x + 2) 2 +3;
д) y = -(x - 6) 2
е) y = x2 +2

Оңтүстік Қазақстан облысы,
Қазығұрт ауданы, Ақбастау ауылы,
«Ақбастау» жалпы орта мектебі математика пәні мұғалімі
Алимбаева Салиха Нұрмаханбетқызы

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама