Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Киіктің айласы
Сабақ тақырыбы: Киіктің айласы.
Мақсаты: 1. Мәтіндегі негізгі ойды, идеяны ұғындыра отырып, табиғаттағы тылсым тіршілік иелерінің өздерінің қорғану айлаларын түсіндіру.
2. Оқушылардың ой - өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөйлеу шеберліктерін жетілдіру.
3. Табиғатты тани білуге, табиғатты сүюге, бағалай білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: сөз жұмбақ, суреттер, мақал - мәтелдер
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушылардың зейінін шоғырландыру. Сабаққа қонақтар қатысып отырғанын
айтып дайындау.
2. Үй тапсырмасы:
- Біз қазір қай тарауды оқып жатырмыз?
- Табиғат - менің өз үйім.
- Үйге қандай тапсырма берілді?
- Қайырымдылық
- Мәтіннің мазмұнын оқушылардан сұрау.
- Бүгінгі сабағымыздың үй тапсырмасын, «Бәйге» ойыны арқылы пысықтаймыз.
(Деңгейлі тапсырма ретін айта кету) 1 - слайд

2 - слайд
1. сол. ж. 20 - Мұғалима Мұхтарды не үшін мақтады?
2. ортадағы 50 - Мектептен келе жатып Мұхтар қандай оқиғаға тап болды?
3. оң жақта 10 – Ол нені құтқарды?
4. Оң жақта 30 - Мұхтар не үшін қуанды?
5. сол жақта 30 - Мұхтарға анасы не үшін ұрыспады?
6. ортадағы 40 - Мәтіндегі негізгі кейіпкерлер кімдер?
7. оң жақта 20 - Әңгіменің «қайырымдылық» деп аталу себебі не?
8. ортадағы 40 - Мұхтардың орнында өзің болсаң қайтер едің?
9. сол жақта 20 -«қайырымдылықты» қалай түсінесің?
- Мәтіндегі күшік ненің баласы?
- иттің баласы.
Оқушылардан мақал - мәтел сұрау.
Мақал - мәтел: -
1. Ит үйдің күзетшісі.
2. Ит жеті қазынаның бірі.
3. Ит - адамның досы.

- Ата - аналардан тақырыпқа қатысты мақалдар сұрау.
Баланың жақсысы - қызық,
Жаманы - күйік.
Өнерлі бала сүйкімді.
Ынтымақ түбі - бірлік.
Қайырымдылық - қорғау, көмектесу.
Табиғаттағы тіршілік мүшелерінің бәріне қайырымдылық жасау керек.
3 - слайд.
- Балалар қайырымдылықты тағы нелерге жасау керек?

● Топтастыру
Қайырымдылық

Үй хайуанаттары
Құстарға
Ағаштарға
Жануарларға

Біз табиғаттағы жануарлардың бәріне көмек бере алмаймыз. Олар өз жауларынан қорғанады.
- Бүгінгі сабағымызда қандай жануар әңгіме болатынын сөз жұмбақ арқылы табайық.
Сөзжұмбақты шешеміз. 4 - слайд
1. Жыл мезгілі.
2. Жеміс ағашы.
3. Төрт түліктің бірі.
4. Өз атын шақыратын құс.

- Қандай жануардың аты шықты?
- Киік.
Слайдтар көрсету, киік туралы түсінік беру.
- Бүгінгі өтілетін тақырып «Киіктің айласы» тақырыбын дәптерге жаздыру.
Әуелбек Қоңыратбаевтің өмірбаяны туралы айту.
- Мәтіннің мазмұнын түсіндіру.
Сергіту сәті.
Оқулықпен жұмыс
- Оқушыларға тізбектеп оқытамын. 5 - слайд Дамыту мақсатында тапсырмаларды оқулықтан беру, қасқыр мен қабанның қаруларын ата.
Дәптермен жұмыс.
- Мәтіндегі аталған аң мен жануарлардың аттарын жаздыру.
Қорытындылау: 6 - слайд. Сюжетті суретпен жұмыс.
- Мына суретте нені байқап тұрсыңдар?
- Киіктер қайда келіп еді?
- Аш қасқырлар не істеп отыр еді?
- Қасқырлар қандай әрекет көрсетті?
- Ақсақ теке киік қандай айла жасады?
- Аш бөрілерге не болды?
- Киік шынымен ақсақ па еді?
Оқушыларды бағалау.
Үйге: Әңгімені оқып келу, киіктің суретін салу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама