Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
«Киялдар әлемі» шебер қолдар үйірмесінің жоспары
Түсінік хат
Бағдарламаның мақсаты:
Балаларға қосымша білім беруде оқушының білімін, шеберлігін көрсету. Оқушыны шығармашылық жұмысқа тарту арқылы танымдық қабілеттерін, қызығушылығын арттыру, жетістіктерін бағалап көрсету, белсенділігін қалыптастыру, өздігінен еңбек етуге дайындау, іскерлігін дамыту.
Бағдарламаның міндеті: Оқушыларды шығармашылыққа тарта отырып, он саусағынан өнері тамған дарынды баланы тәрбиелеу. Шәкірттердің шеберлігін, білім мен еңбегін көрсету. Іскерлік, икемділік қабілеттерін арттыру. Тәрбиелік дағдысын жеткізіп, еңбектену жұмысына төзімділігін жеткізу.
Қазір ел болып егемендік алып, көк туымыз желбіреп, әлемдегі тұрағы биік елдермен терезесі тең өмір сүріп келеміз. Қай заман, қай қоғамда болсын адамзат баласы жас ұрпақ тәрбиесіне зор мән берген. Елімізді - 2030 жылы «Ақ барысқа» айналдыратын күш - бүгінгі оқушы балалар екені де анық. Сапалы білім берумен қатар еңбекке баулу, үйрету аса қажет. Жастарымыздың өнерлі болуы қоғамдық өмірімізге үлкен әсерін тигізеді.
Олай болса, біздің басты міндетіміз жаңа заман ғылымының мол жетістіктерімен қаруланған, мәдени дүние танымы, көзқарасы қалыптасқан бәсекеге қабілетті дарынды оқушыларды тәрбиелеу.

Қолөнер үйірмесі өнер мен білім беру ісін бір - бірімен ұштастырып, бала санасына ұялатуда үлкен жүрек, мол мейрімділікпен қоса кәсіби дарын, іздемпаздық, іскерлік екендігі адамның адамгершілік дүние танымын қалыптастырып үйрету.
Бұл бағдарламаны жасауда оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты 3, 4 сыныпта оқитын оқушыларға арналған. Жоспарланған жұмыстың түрлері: әңгімелесу, талдау, теориялық, машықтық, жеке, топтық, технологиялық нұсқау карталар, үлгі суреттер арқылы орындалуы жүзеге асырылады. Күтілетін нәтижелер: оқушылар өздерінің бағдарламаға сай жасаған туындыларының нәтижесін мектепішілік, аудандық көрмеде көруі.
Бағдарламаны жүзеге асырудың қорытынды түрі мектепішілік, аудандық көрмеге жұмыстарды шығару. Бұл бағдарлама 6 бөлімнен тұрады. Тоқыма - өнері бөлімінде тоқу әдістеріне үйретіледі. Бұл бағдарлама бастауыш сынып мұғалімдеріне қосымша әдістемелік көмек ретінде ұсынылады.
Бағдарлама түрлі әдіс - тәсілдер арқылы жүзеге асырылады:

Әрбір жетекші оқушыны үйірмеге қызықтыру үшін үнемі ізденіс үстінде болу керек, жұмыс жасауға қажетті материалдарды көркем әдебиеттерден, баспа сөз беттерден, ақпарат құралдарынан іздестіре отырып, тақырыпқа байланысты элементтерін, дайын бұйым түрлерін, слайд - фильмдерді, әсіресе компьютер арқылы фото туындылары т. б. с. с. көрнекі материалдарды барынша пайдаланып, көп еңбектенуге тура келеді. Қазір оқушыларымыз өнердің барлық түрлерін, қолөнер еңбекке икемділіктерін үйірме жұмыстарымен айналыса отырып толық меңгеруге тәрбие берудің деңгейін көтеріп, мақсатқа жету үшін түрлі әдіс - тәсілдер қажеттілігінің туындауын шығармашылық іс - әрекеттерімен көрсетуде. Күнтізбелік жоспарының құрылымы 24 сағатқа, аптасына 1 сағаттан 1 рет өтілуге берілген

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама