Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Лексикадан өткенді қайталау
Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы,
Е. Ш. Орақбаев атындағы ЖББОМ
қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
Журалиева Шынаргүл Дәрібайқызы

Сабақтың тақырыбы: Лексикадан өткенді қайталау (слайдымен)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Лексика тарауынан өткенді қайталау, білімді жинақтау. Оқушылардың тарау бойынша алған білімдерін алуан түрлі тапсырмаларды орындату арқылы тексеру.
Дамытушылық: Өз бетінше ізденуге, ойлау қабілеттерін арттыруға ықпал ету, жылдам жауап беруге жаттықтыру. Оқушыларды алған білімдерін талдауға, жинақтай білуге машықтандыру.
Тәрбиелік: Оқушыларға ұлттық спорт туралы білім бере отырып, оларды отансүйгіштікке, рухани байлығын қалыптастыруға, адамгершілікке, салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:
Қиял - ғажайып саяхат сабағы.
Сабақтың әдісі: топтастыру, сұрақ - жауап, ізденушілік, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: кесте, сөзжұмбақ, танымдық тапсырмалар, суреттер.
Пәнаралық байланыс: астрономия, орыс тілі, дене шынықтыру.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үй тапсырмасы бойынша жұмыс. 213 - жаттығу(өз ертегілерін оқу)
3. Жаңа сабақ. (Тылсым әуен естіледі. Қорқынышты дыбыс шығады)
Бір кезде сыныпқа өзге әлемнің адамы келеді.
- Сәлеметсіздер ме, достар! Мен Нептунның тұрғынымын, сіздердің елдеріңізге қыдырып келдім. Енді өз әлеміме кете алмаймын, себебі құпия сөзімді ұмытып қалыппын.(жылайды)
Достар, менің қолымда файл бар, онда әр түрлі қиын тапсырмалар бар, бірақ мен оларды жалғыз орындай алмаймын. Оларды орындау үшін біз галактикаға саяхатқа шығуымыз керек. Әр планетаның өз тапсырмасы бар, ал әр тапсырманың ішінде ерекшеленген әріп - таңбалар болады. Егер сол әріп - таңбаларды терсек, менің құпия сөзімді табамыз. Өтінем, маған көмектесіңіздерші!
- Балалар, досымызға көмектесеміз бе? Ендеше саяхатқа аттанайық....(Оқушылар шеңберге тұрып, көздерін жұмады. Тылсым әуен естіледі)
Галактикаға саяхат.

1. «Меркурий» тапсырмасы. Төменде берілген сөздерді сәйкестендір.
(Сынып, үн - таспа, күпі, құдағи, шиіт, куб, қоза, сым, кереует, нөкер, саяжай, уәзір, сынып)
Диалектизмдер
Неологизм - дер
Терминдер
Көнерген сөздер
Кәсіби сөздер
Кірме сөздер

2. «Шолпан» тапсырмасы. Сөзжұмбақты шешіңіз.
“Антонимдер” венгр сөзжұмбағы. Сөздерді кез - келген бағытта оқу арқылы 6 - жұп антонимды табасыз.

3. «Жер» тапсырмасы. «Жанды сұрақтар» бұл кезеңде оқушылар бейне сұрақтарға жауап береді.
4. «Марс» тапсырмасы. Семантикалық кестемен жұмыс.
№ Сөздер ----------------------- Табу -------- Эвфемизм ------- Дисфемизм
1 Кекілдім
2 Аяғының сылтымасы бар
3 Төре жігіт
4 Көк мылжың
5 Сүмелек
6 Албасты
7 Құлағы мүкіс
8 Аузы жеңіл
9 Арайлым
10 Езбалдақ

5. «Юпитер» тапсырмасы. Берілген сөздердің синонимін немесе баламасын табу арқылы жаңа сөз жасаңыз.

6. «Сатурн» тапсырмасы. Берілген әріптерді сағат тілімен екі әріптен тастап оқысаңыз, мақал оқисыз. Ол қандай мақал екен, тауып көріңіз.

7. Оқулықпен жұмыс. Бұл тапсырма бойынша оқушылар оқулықтағы 225 - жаттығуды орындайды. Шарты: мақалды бір бағанға, мәтелді бір бағанға теріп жазыңыз.
- Балалар, міне біз барлық тапсырмаларды орындап, досымызға көмектестік, ендеше қандай сөз жасырулы тұр екен, тауып көрелік? Кім айтады?
- Бәрекелді, тамаша! Әрине, бұл «Астана» деген сөз екен.
- Рахмет, достар! Алақай, құпия сөз табылды, енді мен өз ғаламшарыма қайта аламын. Сендер жақсы балалар екенсіңдер, білімдерің де жақсы, сізге көп - көп рахмет, сабақтарыңды жақсы оқып, ата - аналарыңның айтқандарын тыңдаңдар. Қоштасатын сәт жетті.(Іштей бірдеңе күбірлеп, кенеттен ғайып болады)
Қорытынды.
Лексика нені зерттейді? Диалектизмдер дегеніміз не?
Лексиканың салаларын атаңыз. Эвфемизм, дисфемизм дегеніміз не?
Бағалау.
- Оқушылар, бүгінгі сабаққа барлығыңыз белсене қатыстыңыздар, сондықтан барлығыңыз да бағаланасыздар.
Үй тапсырмасы.
А - тобы: «Лексика патшалығы» тақырыбына ертегі жазу.
Б - тобы: 230 - жаттығу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама