Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Логикалық есептер
Математика 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Логикалық есептер
Сабақтың мақсаты:
1) Оқушыларды логикалық есептер шығаруға үйрету және мәнін табуға үйрету.
2) Оқушылардың ой - өрісін дамыту. Есептеу қабілеттерін арттыру, өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру. Шығармашылық қабілеттерін арттыру.
3) Білімділікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, топтастыру, түсіндіру.
Сабақтың көрнекі құралдары: қима - қағаздар.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Оқушылардың құрастырған теңдеулерін тексеру.
ІІ. Жаңа сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

1. Есеп шығар.
Алтай, Айгүл, Сәуле және Бекзат - туыстар:
Алтай - Айгүлдің ағасы;
Айгүл - Сәуленің қызы;
Сәуле - Бекзаттың әпкесі.
Бекзат Алтайға кім болады?
Жауабы: Бекзат Алтайға нағашы болады

2. Есепте:
Сенің жасыңды үш есе арттырса, менің жасымдай болады. Ал менің жасымнан сенің жасыңды алып тастаса, 20 қалады. Мен нешедемін?
Х=10; (х*3)- х=20
Жауабы: мен 30 жастамын.

3. Ойлан, шығар
Нөлден басқа әр түрлі үш цифр ал. Олардан әр түрлі үш таңбалы алты сан құрастыр. Олардың қосындысын тап, шыққан қосындыны алынған цифрлардың қосындысына бөл, сонда 222 шығу керек.

4. Есепте
Аяулым, Тамара, Шара және Айгүл тосап қайнатты. Екі қыз тосапты қарақаттан, ал басқа екеуі шиеден қайнатты. Тамара мен Айгүл, Айгүл мен Аяулым әртүрлі жидектен тосап қайнатты. Айгүл тосапты шиеден қайнатты. Әрбір қыз қандай тосап қайнатты?
Талдау:

Жамбыл облысы, Жуалы ауданы,
№31 Ақтасты бастауыш мектебінің мұғалімі
Саулембаева Салтанат Жандарқызы

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама