Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Логикалық функцияларға есептер шығару
Пән мұғалімі: Н. Жубаниязова

Қысқа мерзімді жоспар
Информатика 8 – сынып
Сабақ тақырыбы: Логикалық функцияларға есептер шығару.
Сілтеме: Информатика 8 - сынып оқулығы, интернет ресурстары.
Жалпы мақсаты: Оқушыларға логикалық функцияларға есептер шығару арқылы біліктіліктерін тексеру. Ойларын ашық айту және ойлау қабілеттерін дамыту, есте сақтау, тапқырлық қабілеттерін дамыту.
Міндеттер: - Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру;
- Жаңа тақырыпты оқушылардың білімдерін пайдалана отырып жеткізу;
Мұғалім үшін оқу нәтижелері: - Оқушылардың бірін - бірі сынау арқылы толықтырып, тақырыпты пысықтау;
- Берілген тапсырмаларды, топта орындауға үйрету;
- Оқушылардың бір - бірін бағалауға дағдыландыру;
Сабақ түрі, әдіс - тәсілдері: топпен жұмыс, АКТ, Блум таксономиясы, сұрақ - жауап, көшбасшылық, сыни тұрғыдан ойлау технологиясының «БББ» кестесі, «Екі жұлдыз, бір ұсыныс»
Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақтада слайдтар, топтарға арналған тапсырма, бағалау парағы.
Күтілетін нәтиже: Жұппен, топпен жұмыс жасай отырып, бірлесіп білім алады.

Ұйымдастыру кезеңі 2 минут
Смайликтер бойынша 2 топқа бөлу.
Бағалау критерийлері
• Өз бетімен білім алуы
• Дербес жұмыс жасауы
• Жұпта жұмыс жасауы
• Информатикалық білімі

Білу - 3 минут
Өтілген тақырыптар бойынша сұрақтар беру.

ТҮСІНУ - 5 мин
Тақырыпты оқушылар өздері меңгеруіне мүмкіншілік беру.

ҚОЛДАНУ – 15 мин
Дарындылық, жас ерекшеліктеріне сай деңгейлік тапсырмалар

ТАЛДАУ – 7 мин
Сыни ойлауын дамыту.
Анықтама тұжырымдайды, ережелерді нақтылайды.

ЖИНАҚТАУ - 6 мин
Оқушыларға тапсырмалар беріп, жауаптарына қарай әрекет ету

Бағалау
Қорытынды баға шығару

Үйге тапсырма беру / 1минут
Рефлекция / 1 минут

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама