Логикалық тапсырмалар арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
«Логикалық тапсырмалар арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту».
Жоспар:
І. Кіріспе
«Даналар логика туралы»
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1. Логика ұғымына түсінік
2. 2. Негізгі мақсаты.
2. 3. Шығармашылық жаттығулар.
2. 4. Сабақ үлгісі.
ІІІ. Қорытынды
«Логикалық ойлау» дегеніміз – логика заңдылықтарын пайдалана отырып, ой - пікірлерді тұжырымдарды қолдануға негізделген ойлаудың бір түрі. Баланың логикасын дамыту ұғымдарын өсіру, оқу - тәрбие үрдісіндегі ұдайы жүргізілетін жұмыс. (А. Н. Леоньтев)
І. Кіріспе
«Даналар логика туралы»
В. Давыдовтың «Бастауыш сынып оқушысының психологиялық даму» еңбегінде: «Оқыту үрдісіндегі оқушылардың логикалық ойлау қабілетін қалыптастыру өзіндік мақсат емес, ол – белсенді тұлғаны тәрбиелеу құралдарының бірі» делінген.
«Ойлау логикалық заңдылықтары мен формаларына бағынады. Көптеген адамдар логикалық ойлайды, бірақ өздерінің ойлауы логика заңдылықтары мен формалары арқылы болып жатқанын білмейді» - дейді В. Кириллова.
Балалардың ойлауын дамыту туралы М. Жұмабаев былай деген: «Ойлауды өркендету жолдары. Ойлау - жанның өте бір қиын, терең ісі. Жас балаға ойлау тым ауыр. Сондықтан тәрбиеші баланың ойлауын өркендеткенде, сақтықпен басқыштап іс істеу керек. Оқулықтағы берілген тапсырмалар, суреттер баланың жанына дұрыс әсер ететіндей, оқушының оқуға, білімге деген ынта – ықыласы, құштарлығы болуы керек».
Психолог – ғалымдар: Н. Н. Поспелов, Ю. А. Петров, А. Н. Леонтьев, «логикалық ойлау» ұғымына нақты анықтама берген. Олардың пікірінше «логикалық ойлау» дегеніміз логика заңдылықтарын пайдалана отырып ой - пікірлерді, тұжырымдарды қолдануға негізделген ойлаудың бір түрі.
Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту жөнінде А. В. Запорожец, Л. Н. Венгер, И. С. Якиманская еңбектері жарық көрді.
Жоғарыдағы авторлардың пікірлерінше «Логикалық ойлауды дамыту» дегеніміз:
барлық логикалық ойлау операцияларын (талдау, жинақтау, салыстыру, жалпылау, саралау) арнайы жүйелі түрде қалыптастыру; ойлау белсенділігін, өзбеттілігін дамыту.
«Логикалық ойлау – логикалық сөйлеудің негізі, ал мұны – логикалық сөйлеуді ұстаз дамытуға тиіс», деп көрсетті К. Д. Ушинский.
2. 1. Логика ұғымына түсінік.
Логика (гр. λογική - «талдауға құрылған», λόγος — «сөз», «сөйлем», «ойлау», «ақыл») - ойлау, оның формалары мен заңдылықтары туралы ғылым. Логика дәлелдеу мен теріске шығарудың белгілі бір әдіс - тәсілдері қаралатын ғылым теориялар жиынтығын құрайды.
Логика — адам ойының логикалық формалары жағынан және кіріспе білім алу үдерісі кезінде, ақиқатқа жетуін оның заңдары мен пәнін қалыптастырушы қажетті шарттарды реттейтін ғылым. Логика жалпы логикалық тәсілдерді (әдістерді) зерттейді. Логикалық әдістер адамның нақты өмірді тануында өте қажетті кұрал болмақ.
2. 2. Негізгі мақсаты мен зерттеу пәні:
Логика ұғымы объективті дүниенің, шындықтың даму заңдылықтарын бейнелеу мағынасында да қолданылады. Кең мағынада Логика ойлаудың ғана емес, болмыстың да байланыстарын көрсетеді, бұл жағынан ол онтологиямен сабақтас. Ойлау мен таным қатар жүретіндіктен Логика таным теориясымен (гносеологиямен) байланысады. Логика философияның негізгі бөлігі болып табылады, өйткені философия “оймен басталып, оймен жалғасады, сондықтан оны кейде “ойлау туралы ойлау” деп анықтайды.
Логика тарихы философия тарихымен тығыз байланысты. Логиканың алғашқы тарихи нұсқасын б. з. б. 4 ғасырда ежелгі грек философы Аристотель жасаған. Ол дедуктивтік ой қорытулар теориясын (яғни силлогистиканы) қалыптастырып, логика қателердің алғашқы жіктелімін жасап берді және Логикалық дәлелдеу туралы ілімнің негізін қалады. Дәстүр бойынша Аристотельдің Логикасы — аподейктика — анық, ақиқат білім туралы ілім, ол Аристотельдің “Аналитикасында” баяндалған.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.