Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
Лиро-эпостық жырлар. Қыз жібек
Сынып: 9
Пәні: қазақ әдебиеті
Тақырыбы: Лиро - эпостық жырлар. Қыз жібек
Сабақтың мақсаты:
Білімділік Қыз Жібек лиро – эпостық жырының жалпы мазмұнымен танысу, бұл мұраның тек қазақ халқына тән екендігін білу, маңыздылығын ашу.
Дамытушылық: Қазақ халқының өте ертеден келе жатқан асыл қазынасын түсіну. Тарихқа шолу жасау.
Тәрбиелік: Ұлттық байлығымызды қастерлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілік: Тірек сызбалар, слайдтағы суреттер, тапсырма жазылған қиықшалар.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, ауызша

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Сабақтың мақсатымен таныстыру
Үй тапсырмасын сұрау монитордан сұрақтар беріледі, балалар қолдарын көтеріп жауап береді.
1. Халық ауыз әдебиеті дегеніміз не?
2. Ауыз әдебиетінің түрлерін ата?
3. Ауыз әдебиетінің жазба әдебиеттен айырмашылығы қандай?
4. Тұрмыс – салт жырларына нелер жатады?
5. Сәбидің дүниеге келуіне байланысты өлең жырлар
6. Көңіл – күйді білдіретін өлең – жырлар
7. Бата және оның түрлері
8. Мақал – мәтелдер мен жұмбақтар туралы не білеміз?
9. Ертегілердің түрлерін ата?
10. Аңыз әңгімелер дегеніміз не? Кейіпкерлерін ата
11. Батырлар жыры қай ғасырға жатады
Жаңа сабақтың тақырыбы. Лиро – эпос жырлары. Қыз Жібек жыры.

Ой шақыру
1. Лиро – эпос жырлары дегеніміз не?
2. Эпостық жырдан айырмашылығы
3. Қандай лиро – эпос жырларын білесіңдер?

Жаңа сабақ жоспары
1. Жырдың маңызы мен көркемдік ерекшелігі
2. «Падишадан кем емес, Ер Төлеген келбеті»
3. Бекежанның бейнесі
4. Қаршыға мен Шеге ақындар
5. Жібектің Сансызбайға қосылуы
Берілген жоспар слайдтан көрсетіліп тұрады, оқушылар кітаптан мәліметтерді оқып саралайды.
Сергіту сәті Жұмбақтар жасырылады
Берілген мәліметтер алынған соң оқушылар концептуалдық кестені толтырады.
Кейіпкерлер ------ Өмірге қызығушылығы ------ Адамгершілік қасиеті ------ Кейіпкерге берілетін баға
Төлеген
Қыз Жібек
Бекежан

Сабақты қорытындылау Тақтада Қыз Жібек жырынан білгендерін жазып толтырады.
Үй тапсырмасы. 60 беттегі сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.
Бағалау
Сау болыңыздар!

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама