Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Лиро - эпостық жырлар туралы түсінік
Сабақтың тақырыбы: Лиро - эпостық жырлар туралы түсінік
Сабақтың мақсаты: оқушыларға лиро - эпостық жырлар туралы түсінік беру.
Міндеттері:
1. Лиро - эпостық жырлардың ерекшеліктері, бүгінгі күнге дейін сақталған нұсқалары туралы түсінік қалыптастыру.
2. Оқушылардың тілін, ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Халық мұрасына деген ықылас, құрмет сезімдерін тәрбиелеуге ықпал ету.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдіс - тәсілдер: баяндау, сұрақ - жауап, көрнекілік
Көрнекілігі: тірек сызба, интерактивті тақта, суреттер, қосымша материалдар, диск
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі.
II Сабақтың мақсаты мен міндеттерін түсіндіру.
III Жаңа сабақты оқып - білу кезеңі.

1. Оқулық мәтінімен танысу.
Бұл кезеңде INSERT әдісін пайдаланамыз. Оқушылар мәтінмен таныса отырып, “V” белгісімен өздеріне таныс ақпаратты,”+” белгісімен жаңа мәліметті, “- -” белгісімен білгеніне қарама қарсы мәліметті, “?” белгісімен толығырақ білгісі келетінін белгілеп отырады.
/оқушылар мұғалімнің көмегімен өздеріне белгілі білім мен жаңа білімді саралайды./

2. Сөздік жұмысы:
лиро - эпостық жырлар - лиро - эпические песни
баяндау - изложение
көңіл күй - настроение
сезім - чувство
сарын - мотив
қамту - охватывать
ажырамас серігі - неразлучный спутник
інжу - маржан - жемчужина
қарапайым адам - простой человек
ғашықтық - влюбленность
қайғы - горе
мұң - печаль
толғаныс - волнение
адамдардың қарым - қатынасы - взаимоотношение людей
рулар тартысы - межродовые распри
ерекшелік - особенность
3. Сөз сыры айдарымен берілген тапсырманы орындау:
Күрделі оқиға, жастардың бас бостандығы, дәуір жемісі, сезімге құрылған сарын.....

4. Артық болмас білгенің...
Ерте кезде туған және оқиғаға құрылған жырдың бір түрі лиро - эпос немесе лиро - эпостық жырлар деп аталады. Бұл жырлар бір кезде “Ғашықтық жырлары”,“Тұрмыс - салт жырлары” деп те аталып жүрді. Лиро - эпостық жырлар - халық ауыз әдебиетінің бір саласы.”Эпос” деген баяндау дегенді білдіретін көркем әдебиеттің негізгі жанрларының бірі болса, “Лирика” - адамның көңіл күйін, сезімдерін бейнелейтін жанр. Лиро - эпостық жырлар осы екі жанрдың қасиеттерін - сезімге, сыршылдыққа құрылған сарын мен эпосқа тән баяндауға негізделген оқиғаларды қамтиды.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама