Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
М. Шаханов «Махамбеттің монологы»
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, №17 орта мектеп
Қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Сутбаев Абубакир

Әдебиет 5 - сынып
Сабақтың тақырыбы: М. Шаханов «Махамбеттің монологы»
Сабақтың мақсаты: а) білімдік: М. Шахановтың өмірі мен еңбектеріне қысқаша сипаттама беріп, өлеңнің негізгі мәнін ұғындыру, ақын Махамбеттің бейнесін ашу; ә) дамытушылық: Оқушыларға тарихымыздағы дүниетанымдарын кеңейту, шығармашылық қабілеттерін дамыту;
б) тәрбиелік: Оқушыларды патриоттық тәрбиеге, ақын шығармашылығын тануға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Танымдық сабақ.
Пәнаралық байланыс: Тарих, география, музыка.
Сабақтың әдістері: Сұрақ - жауап, топтық жұмыс, СТО стратегиялары, шығармашылыққа баулу.
Сабақтың көрнекілігі: Ақындар суреттері, кітаптар көрмесі, слайдтар.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
ІІ. Қызығушылықты ояту.(Слайдтан М. Шахановтың суретін көрсету).
• Ақын 1942 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Леңгір ауданы Қасқасу аулында дүниеге келген.
• Ақынның алғашқы «Сырдария» атты өлеңі 1959 жылы жарияланған.
• 1966 жылы тұңғыш өлеңдер жинағы басылып шықты.
• Кітаптары: «Балладалар», «Ай туып келеді», «Қырандар төбеге қонбайды», «Сенім патшалығы» т. б.
Біз бүгін М. Шахановтың «Нарынқұм зауалы» поэмасынан «Махамбеттің монологы» атты өлеңін өтеміз. Бұл тарихи шындыққа арналған өлең. Өздерің білетіндей, жауынгер ақын Махамбет ақын өз жерінен, атақонысынан айырылған елінің жоғын жоқтап, Исатай батырмен бірлесіп, ханға, сұлтандарға қарсы тұрды. Соғыста Исатай батыр қаза тапты, артынан Баймағамбет сұлтанның бұйрығымен Махамбет те ажал құшты. Махамбеттің соңғы монологын Мұхтар Шаханов өз жүрегінен өткізіп, Махамбет болып жырлағанын түсініңдер.

І бөлім: «Махамбеттің монологы»
(Бір оқушы жырды мәнерлеп оқиды).
Өлеңнің мазмұнынан тарихи мәліметтермен толықтырамын:
1846 жылы Баймағамбет сұлтанның жалдаған тыңшылары Ы. Төлеев, М. Нұралин, Ж. Боздақов және Ж. Өтеулин бірігіп, Қараой деген жерге барып, батырдың үйінде қонақ болып, батырды өлтіреді. Осыдан бір күн бұрын ақын түс көріп, кейін өзімен өзі сырласқан.

Топтық жұмыс:
топқа тапсырма: «Топтастыру» - «Махамбет ақын кім?». ( оқушылар тақтаға шығып, ақынды ақылдасып топтастырады ).
Махамбет - 1803 - 1846 жылдары өмір сүрген.
Азаттық көтерілісін ұйымдастырушылардың бірі.
Дауылпаз ақын, батыр, күйші.

Сөздік жұмысы:
зауал – қиындық, басқа қайғы түсу
дулыға – батырдың соғыста киетін бас киімі
ел наласы – ел қарғысы
пір тұту – сену мағынасында
пасық ойлар – адамға жамандық шақыратын ой.

• Сабақты бекіту:
Махамбеттің трагедиялық көңіл күйін өлеңде ақын жеткізе алған ба?
Лирикалық кейіпкердің(Махамбеттің) арманы қандай?
Сабақты ақынның өлеңінен үзінді оқып, қорытындылаймыз:
Мен сенемін, күні ертең,
Ақыл ойды пір тұтар деп ұлы өлкем,
Мынау дәурен бұрқан тарқан,
Ертең қайта өзгерер...
Шындап құлап сүйе алмауы,
Қылмыс санар кез келер.

Үйге тапсырма беру: « Махамбеттің монологы» тақырыбына ойтолғау жазу. Оқушылар білімін бағалау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама