Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Мәдениет пен тіл
Қазақ тілі 5 сынып
Бөлім: Мәдениет: тіл және қарым - қатынас
Сабақтың тақырыбы: Мәдениет пен тіл
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Т/А3 Мәтіннен ақпаратты анықтау. Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, негізгі және қосымша ақпаратты анықтау.
Т/А5 Тыңдалым материалы бойынша жауап беру және бағалау. Тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру.
Сабақтың мақсаттары
Барлық оқушылар: Тыңдалым мәтінінің мазмұнын түсінеді;
Көптеген оқушылар: Негізгі және қосымша ақпараттарды анықтайды;
Кейбір оқушылар: Мәтінде көтерілген мәселеге сұрақтар негізінде жауап береді, өз ойын толық білдіре алады.
Бағалау критерийлері: o Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді;
o Негізгі және қосымшаақпаратты анықтай алады.
o Тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап береді;
o Көтерілген мәселе бойыншаөз ойын білдіре алады.
Тілдік мақсаттар: Оқушылардың грамматикалық, лексикалық нормаларды оқып білуі:
Адамдардың бір - бірімен тілдесуі, хабар беруі, ауызекі сөйлеу, ойды жазбаша жеткізу,
Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер;
Менің ойымша,.... Мен бұны былай түсініп отырмын......
Мектеп құндылықтар: Өзін және қоршаған ортаға деген сыйластық; ынтымақтастық; жауапты азаматтық ұстаным; академиялық адалдық; өмір бойы білім алу; ашықтық;
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, өнер, АКТ
Осыған дейін меңгерілген білім: Оқушылар 4 - сыныпта алған білім, білік, дағдыларына сүйенеді.
Сабақтың басы

5 - 8 минут

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың белсенділігін арттыру.
Қызығушылығын ояту мақсатында бұрынғы білгендерін еске түсіру үшін төмендегі ойын арқылы бір сергітіп алу.
«Кім шапшаң?» ойыны ойналады.
Бірнеше мақал сөздердің алдыңғы бөлігі слайдтан көрінеді. Оқып шығып соңын жалғастыру керек. Тапсырманы орындағанда оқушының шапшаңдығы бағаланады.
Бала тілі – бал. Өнер алды – қызыл тіл. Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады. Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құметте!
Тіл мәртебесі – ел мәртебесі. Ана тілің арың бұл!
Тілі өлген ел – тірі өлген ел.
Белсенділік, шапшаңдық, білімділік танытқан оқушылар смайлик арқылы бағаланады.
Оқушылар өздері орындаған тапсырмадан нені аңғарғанын байқап, яғни бүгінгі сабақтың тақырыбын өздері ашады.
o Сабақтың мақсаттары мен жетістік критерийлерін таныстырылады.
Тыңдалым алды тапсырма.
Оқушыларға бірнеше сұрақтар ұсынылады. Берілген сұрақтарды жұпта отырып талқылайды. Жауап бергенде бірінің жауабын бірі толықтырып кетеді.
Мұғалім жетекші сұрақтар арқылы жетелеп отырады.
• Оқушылар «Мәдениет» сөзін қалай түсінесіңдер?
• Жалпы «Сөйлеу» кімдерге тән қасиет?
• Қалай ойлайсыздар? Ауызекі сөйлеу және жазба тілді бір - бірінен қалай ажыратамыз?
• Ал қайсысымыз айта аламыз? Осы екеуінің қайсысы бұрын пайда болған деп ойлайсыз?
Жұптаса отырып, пікірлесіп, ойларыңызды дәлелдеп жеткізіп айтыңыздар.
(Балалар өз ойын жеткізіп айтуда олардың ойлау және сөйлеу мәдениетінің қаншалықты деңгейде екенін аңғаруға болады. Оларға мұғалім жетекші сұрақты қою арқылы ойларын еркін жеткізуге көмектесіп отырады.)
f Бағалау.
Өз ойын айтуда қысылмай еркін әрі әдемі жеткізуге тырысқан оқушыға мұғалім «Керемет!», ал өзінің пікірін барынша жеткізгендерге «Жарайсың!» деп жазылған қағаздармен марапат жасайды. Оқушылар қол соғып жігерлендіреді.

Мектеп: Атырау ХББ НЗМ
Мұғалімнің аты - жөні: Текеева Жанша Тажибаевна

Мәдениет пен тіл. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама