Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
«Малсақ бала» Өтебай Тұрманжанов
Ана тілі
Сабақ тақырыбы: «Малсақ бала» Ө. Тұрманжанов.
Сабақтың білімділік мақсаты: Өлеңді оқып, мазмұнын түсіну. Қатесіз, дұрыс оқу. Жүйелі өз сөзімен әңгімелеп айта білуге үйрету.
Сабақтың дамытушылық мақсаты: толық жауап беруге, өз ойын әдеби тілмен еркін жеткізе білуге, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру, шығармашылыққа жетелеу.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Көркем шығарманы оқыту арқылы оқушыларды еңбексүйгіш, әдепті болуға, жақсы қасиеттерді бойға сіңіре білуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Сайыс сабақ.
Сабақ әдісі: Проблема тастау.
Сабақ көрнекілігі: Ө. Тұрманжанов суреті, тірек - сызба, буклет құрастыру.

Сабақ мазмұны
1. Ұйымдастыру сәтті.
2. Үй тапсырмасын үш топқа бөліп сұрау.
1 топ: Мәтінді сахналап көрсету. «Ер еңбекте сыналады»
2 топ: Тақырыпқа байланысты ой - пікір айту.
3 топ: Мәтінді рөлдеп оқу.
3. «Бір айналым» ойыны арқылы Ж. Жұмаханов туралы әңгімелеу.
4. Үй тапсырмасын бағалау.
5. Жаңа сабақ. Кіріспе әңгіме.
- Ауыл жылына байланысты қандай игі істер атқарылды?(газ жүргізілді, телефон жүйесі іске қосылды, шаруа қожалықтары құрылды)
- Ауылда қандай еңбек түрлері атқарылды?
6. Буклеттегі суреттерге қарап отырып, бақташы еңбегі туралы әңгімеленді.

7. Ө. Тұрмажановтың өмірбаянымен, творчествосы таныстырылды.
Өтебай Тұрмажанов 1905 ж. Оңтүстік Қазақстан облысы, Бөген ауданы, Жалғызағаш ауылында дүниеге келген. Ақын, аудармашы. Орыстың ұлы жазушысы Лев Толстойдың шығармаларын қазақшаға аударған. Сәкен Сейфуллинмен бірігіп, әдебиет оқулығын, хрестоматиясын жазған. Өлеңдері балаларды оқуға, білімге, әдепті, мәдениетті, сауатты болуға шақырады.
8. Өтілгелі отырған шығарманың атын, қысқаша мазмұнын айтамын. Сюжетті сурет, баяндау әдісі.
9. Оқулықпен жұмыс. Өзім оқыдым. Іштей оқыту. Дауыстап, жалғастырып оқыту.
- Өлең кім туралы? Қандай бала? Осы қасиеттеріне қоса қандай жаңа қырларын аштық?
(Оқушылардың ой - пікірлерін тыңдау)
10. Сөздік жұмыс.
Жүн, жүнбалақ, жүні үрпию, жүндей жұмсақ, жүйкесі жүн сөз тіркесінің мағынасын түсіндіру, сөйлемдер ойлату, дәптерге жаздыру.
11. Ауылға қандай көмек керек? Ойын.

Ауыл мен қаланы салыстыру.
• Ауыл
1. Жататын үйлер
2. Мәдени ошақтар аз
3. Шаруа қожалықтары

• Ұқсастығы
Елді мекен

• Қала
Биік үйлер
Түзу, жарық көше
Гүлзарлар, парктер
Мәдени ошақтар көп
Оқушыларды үш топқа бөліп, тапсырмалар беру.
Ауылымыз туралы қысқаша әңгімелеп, қандай нәрселерге зәру екенін айтқызу. Монша, мәдениет үйі, жолдар керек. Облыс әкімшілігі осы құрылыстарды бастағалы отыр. Егер біз олар ұсынған тапсырмаларды орындай алсақ, бұл істер орындалмақшы.
1 топ: Монша салу үшін – Ризуанов жеке қожалығында өндірілетін заттарын кірістіріп есеп құрастыру. Есік, терезе, босаға қалыптары.
2 топ: Мәдениет үйін салу үшін, құрастыру жұмысын тапсыру, жеті қазынаның бірі итті сипаттау.
Ит – жеті қазынаның бірі, үйді, малды күзетеді, адамның сенімді серігі, аң аулауда көмектеседі.
3 топ: Жолда жүргізу үшін – Тірек - схемасы бойынша сөйлесу.

ДЕНСАУЛЫҚ→ЕҢБЕК→БАЙЛЫҚ
проблемалық сұрақ. Екі шаруашылық жүн сатумен айналысады. Бірінші шаруашылық арзан бағамен, екінші шаруашылық қымбат бағамен сатады. Неліктен бұлай сатылып отыр? Осы жағдайда қарсы мекеме қандай жұмыс жүргізу керек, қайсысының жүнін алған дұрыс.
Арзан жүннің құнын белгілеу, оны екі еселеп қымбат жүннің құнын белгілеу. Мысалы: 50*2=100 т
Оқушылардың әртүрлі ой - пікірлерін тыңдау. Тазартылмаған, жуылмаған.
Түтілген, тазартылған, жуылған.
Сабақты қорытындылау: Өлең кім туралы? Баланы неге малсақ дейміз? Өлеңде ит туралы не делінген? Халқымыз қой малын қалай дәріптеген, қойды сипатта.
Қой – жүні киім, сүті шипа, еті тамақ, терісі тон, аяқ киім.

Мына сөздерді қой малының өсу ретіне қарай орналастыр.
Қозы→Марқа→Тоқты→Тұсақ→Қой

12. Бағалау.
13. Үйге тапсырма: Өлеңді қара сөзбен әңгімелеу
Жаңа сөздерді жаттау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама