Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 апта бұрын)
Мамандық таңдау (өзін - өзі тану пәнімен ықпалдастырылған сабақ жоспары)
Өзін - өзі тану пәнімен ықпалдастырылған сабақ жоспары
«Мамандық таңдау»
Әдебиеттік оқу пәні 3 - сынып

Сабақ тақырыбы: Мамандық таңдау
Білімдік мақсат: Мамандық типтері туралы ұғым беріп, құндылықтар жайлы дүниетанымын кеңейту. Мәнерлеп оқу, теріп оқу, дұрыс оқу машықтарын жетілдіру. Ауызша және жазбаша
байланыстырып сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын байыту.
Тәрбиелік: Оқушыларға мәртебелі мамандықтарды ардақтауға;
мамандық иесін қадір тұтуға тәрбиелеу; әрбір мамандық иесінің қоғам игілігі үшін тер төгетінін оқушы санасына сіңіру.
Дамытушылық: Шығармашылық қиялын, танымдық процестерін дамыту;
ой тұжырымдау және өз пікірін дәлелдеуге, пікірін еркін айта білуге машықтандыру.
Әдістер: Ізденушілік, зерттеушілік, семиотикалық, сұрақ - жауап, сөздік, көрнекілік.
Көрнекіліктер: Мамандық суреттері, теледидар, магнитофон үлестірмелі карточкалар, Т.Молдағалиев портреті.
Сабақ типі: Аралас сабақ.

Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру. Психологиялық тренинг. Мен қандаймын? Шарды бір - біріне бере отырып, әр оқушы өзін - өзі сипаттайды.
Шарты: Өзінің есімі қай әріптен басталса, сол әріптен келетін қасиетті қосып айту керек. Мысалы: Жаны жайдары Жүсіпбекпін.

II. Сабақ тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
Әңгімелесу. - Балалар, сендердің өздерің атаған қасиеттер сендердің болашақ өмірлерінің жарқын болуына қызмет етеді деп сенемін. Ал адам өміріне не қажет? Осы қажеттіліктерді екі топқа бөлуге болады: рухани және материалдық. Рухани қажеттіліктер: білім, өнер, музыка, ғылым. Материалдық қажеттіліктер: киім, үй, машина, асыл тастар, т. б. Ал осы қажеттіліктерге қалай қол жеткізуге болады?
- Тек еңбек арқылы ғана.
- Ал еңбек түрлері қандай? (ой және дене еңбегі)
- Ал өздерің атаған қажеттіліктерді игеру үшін бізге нені игеру қажет?
- Мамандық түрін, кәсіпті игеру қажет.
- Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек деп ойлайсыңдар?
- жақсы маман болуы үшін адам нені білуі және нені үйренуі қажет?
- Сен қандай маман болуды армандайсың? Неліктен?
- Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек деп ойлайсыңдар?
- Адам бірнеше мамандықты меңгерсе, оның өмірі қандай болады деп ойлайсыңдар?
- Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады?
- Ендеше, біз бүгін мамандық туралы пікір алмасамыз, ой бөлісеміз, сызба дайындаймыз, білімімізді кеңейтеміз.

ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Ине, біз, жіп қою.
- Кімнің құралдары?
- Материалдық қажеттіліктің ішіндегі ең маңыздысы – жылы киім. Ал тігінші мамандығы туралы не білеміз? Ол үшін үйге берген тапсырмаларды қалай орындап келгенімізді ортаға салайық.
1 – топ. Мәтінді мәнерлеп оқу.
2 – топ. Мәтінді тізбектей әңгімелеу. « Эстафета». 3 - жаққа айналдырып әңгімелеу.
3 – топ. « Киім қалай пайда болады?» тақырыбында мәнжазба дайындау.
4 – топ. Мәтіндегі кейіпкердің іс - әрекетін бағалау және негізгі ойды анықтау. Мақал арқылы қорытындылау.
5 – топ. Қазақтың ұлттық киімдерінің суреттерін жинақта. Қолөнер шеберлері туындыларын ата.
6 – топ. Кестені толтыр.
7 – топ. Кроссворд дайында.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама