Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Мамандықтар (дәрігер, аспазшы, тігінші)
Білім беру саласы: Таным
Бөлімдері: Жаратылыстану
Тақырыбы: Мамандықтар (дәрігер, аспазшы, тігінші)
Мақсаты: Балаларға мамандық туралы түсіндіру, мамандық иелерін құрметтеуді үйрету. Ұқыптылыққа, әдептілікке, басқаның еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.
Тәрбиеші балаларды өзіне қаратады. Жылулық шеңберіне балаларды тұрғызады.
Дөңгеленіп шығамын,
Күлім қағып тұрамын.
Нұр сәулемді төгемін,
Күлімдеп өмір сүремін
Жылулық шеңберінен кейін орындарына отыратынын айтады.
Осы кезде есік қағылып, бөлмеге дәрігер, тәрбиеші, аспазшы және дүкенші болып киінген балалар кіреді
Тәрбиеші:
- Балалар, қараңдаршы бізге қонаққа кімдер келді?
- Дұрыс айтасыңдар, бізге қонаққа дәрігер, тәрбиеші, аспазшы, дүкенші келіпті.
Іш ауырса, тіс ауырса,
Маған дәрі береді.
Барлық ана, барлық бала,
Оны жақсы көреді.
- Балалар, айтыңдаршы, тақпағымыз кім туралы?
- Балалар, бұлар мамандық иелері екен. Ал мамандықтарын олардың аты айтып тұр.
Дәрігер десек біз дәрігерді айтамыз, ал дәрігер не істейді екен? (сюжетті - рөлді ойын арқылы көрсету)
- Дұрыс айтасыңдар, дәрігер адамдарды емдейді екен.
Жақсы тамақ пісіріп,
Бізге үнемі береді.
Ботқа, көже, тоқашты
Дәмді етіп пісірген.
Ол кім екен, кім білер?
- Ал, аспазшы деп кімді айтамыз? (сюжетті - рөлді ойын арқылы көрсету)
- Ал, балалар, мына тақпақ кім туралы?
Бізге тақпақ үйретіп,
Әндерді де жаттатты.
Қызық ойын ойнатып,
Дер кезінде ұйықтатты
Айтыңдаршы балалар,(сюжетті - рөлді ойын арқылы көрсету)
Кім туралы айттым мен?

Сергіту сәтін жасау.
Күнде шат, күліп күн,
Шаттанамыз бәріміз.
Шын бақытпен қуанып,
Өркендейміз бәріміз.

Дүкенге сен келесің,
Ойыншық, тәтті аласың.
Ал, балақан кім айтады,
Осыны кімнен аласың?
Дидактикалық ойын «Сиқырлы дорба»№ 12 (қ. с)
Сиқырлы дорбадан мамандық иелері бейнеленген суреттерден мамандық иелері туралы айтады.

- Балалар, бүгін бізге қонаққа кімдер келді?
- Қалай ойлайсыңдар біз мамандық туралы не білдік?

Ұйымдасқан оқу іс - әрекет соңында балаларды мақтау, мадақтау арқылы белсенділіктерін көтеру
Күтілетін нәтиже:
Білуі немесе хабардар болуы: Мамандық туралы білу;
Қалыптасқан әдет: Тәрбиешіні мұқият тыңдайды, өз ойларын қорытындылай алады;
Істей білуі: Мамандық иелерін атап, олардың қызметі туралы біледі.

Адильханова Айгерим Бейсенгазиновна

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама