Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Мамандықтар
Сабақтың тақырыбы: Мамандықтар.
Сыныбы: 5 (о/б)
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: тақырып бойынша алған білімдеріне қорытынды жасау.
Дамытушылық: оқушының ақыл - ойын, білімге ынтасын дамыту.
Тәрбиелік: еңбекке баулу, еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: мамандықтар туралы слайдтар, тест сұрақтары.
Әдісі: сұрақ - жауап.
Сабақтың түрі: нәтиже сабақ.

1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
- Бізге берілген бірінші тапсырма мына сөзжұмбақ арқылы шешіледі, оны табу үшін мына сөйлемдерді толықтырыңдар:
1. Дәрігер адамды....
2. Жерді.... жыртады
3. Наубайшы нанды....
4. Оқушы мектепте.... оқиды
5. Тігінші киім.....
6. Кітапханашы..... береді
7. Егінді.... жинайды
Ал енді қызыл тор көздегі әріптерді оқиық. Қандай сөз шықты?
Етістік. Етістік дегеніміз не? Қандай сөз шықты?
2. Етістіктің неше шағы бар?
Түбір етістікке қандай жіктік жалғаулары жалғанады?
Әр қалтаға шақтарға тиісті жалғауларды орналастыр.
Осы шақ - п,- ып,- іп, - а,- е,- й, (- мын)
Келер шақ - а,- е,- й, (-мін)
Өткен шақ - ды,- ді, ты,- ті,(- м)

3. Мына суреттегі мамандықтардың атын дәптерлеріңе жаз және еңбек туралы бір мақал - мәтел жазып етістікті тап.
4. Мына сөздердің мағынасына қарай сөз тіркесін сызба арқылы көрсетіп, орысша аудармасын жаз.
Дәрігер ----- оқытады
Сатушы ----- пісіреді
Мұғалім ---- күзетеді
Наубайшы ---- тігеді
Тігінші ----- аулайды
Балықшы ----- емдейді
Сақшы ----- сатады
5. Тест сұрақтарына жауап беріңдер.
1) оқы, тұр, жаз сөздерін үш шақта жаз:
А) осы шақ;
б) келер шақ;
В) өткен шақ
2. Еңбек деген сөздің синонимін тап.
А) жұмыс
Б) мамандық
в) сатушы
3. Наубайшы не істеді?
А) қияды
б) күзетеді
в) пісіреді
6. Кім етістікке мысал ретінде сурет салып келді?
(Суреттер көрсетіліп, сұрақтарға жауап беріп, етістіктің шақ түрін ажыратады)
7. Қорытынды: Кімге қандай мамандық ұнайды?
Жазба жұмыстар, жеке оқушыларға берілген тапсырмалар жиналып алынады.
Үйге тапсырма: Етістіктің сұрағына жауап беретін он сөз жаттау.
Сабақ аяқталды:- Рахмет! Сау болыңыздар!

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама