Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Мамытбек Қалдыбаев «Еліктің лағы»
Мамытбек Қалдыбаев «Еліктің лағы»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Аңшылық кәсіп туралы мәлімет беру, елік туралы қысқаша тоқталу.
Дамытушылық: Көркем мәтінмен жұмыс істей білуге үйрету, ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Қайырымды болуға ұмтылу. Аңшылыққа байланысты қазақ халқының салтын білу.
Көрнекілік құралдар: Аңшылық түрлері туралы плакат, еліктің суреті.
Қолданылатын әдіс - тәсілдер: «Ассоциация», «Негізгі ойды табу», «Жиксо» стратегиясы.
Сабақтың түрі: Ізденіс, мәтінді талдау.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем айларын кім атайды?
Шуақты көктем келген кезде табиғат оянады. Құстар жылы жақтан ұшып келеді, ұя салады. Аңдар төлдейді.
- Балалар мынау қандай аң?
- Елік.
- Бүгінгі жаңа тақырыбымыз Мамытбек Қалдыбаевтың «Еліктің лағы».
Оқушылар сабақтың мақсатын айтады.
Қызығушылықты ояту.
«Ассоциация»
Құралай

↓ 1, 2 кейде 3 лақ
Текесінің мүйізі болады
6 - 8 ай енесінің сүтімен қоректенеді
лақтардың теңбілі болады

II. Мағынаны ажырату.
- Автор туралы өзім қысқаша мәлімет беремін.
«Жиксо» стратегиясы
№ 1 бөлім
1. Әр топ өз бөлігін оқиды.
2. Негізгі ойды табады.
3. Бөлімге ат қояды.
4. Мазмұнын бір - біріне айтады.
5. «Үйге барып», өз бөлімін түсіндіреді.
Әр топтан спикерлер қорғайды.
Сергіту сәті.
Дала гүлге оранады,
Түрлі түсе боянады.
Нұрлы көктем келген кезде,
Табиғат та оянады.
Оқушыларды өз пікірін айтуға жетелеу.
- Аңшы қандай адам?
- Ұқыпты. Ашуын ақылға жеңдіреді. Жас лағы болғандықтан елікті атпады. Қайырымды, мейірміді адам.
Энциклопедиялық мәлімет
Аңшылар қолданған құралы, істеген амалына қарай 4 - ке жіктеледі.
1. Саятшы. Қан сонарда шығады. Қыран бүркіт, ұшқыртазы, түзу мылтық пайдаланады.
2. Мерген - садақпен, мылтықпен аң атады.
3. Қақпаншы - аңды қақпанмен аулайды. Аңдардың ініне, жүретін жолына қақпан құрады.
4. Моршы - түлкі, күзен аңдардың ініне түтін салып, іннен шыға қашқанда ұстайды.
Аңшылықтың сан қырлы тәсілдері әкеден балаға беріліп отырды.
Жағдаят:
Аңшы: - Ассалаумағалейкум, ата.
Қарт ақын: Уағалейкум ассалам балам.
Аңшы: - Денсаулығыңыз жақсы ма?
- Үй іші, мал - жаныңыз аман ба?
Қарт ақын: Деніміз сау, мал басы аман.
Аңшы: - Ақын ата, бүгінгі олжамды сіздің қанжығамызға байлағым келеді.
Қарт ақын: Рахмет айналайын. Өркенің өссін.
«Құралай» Елік алғаш рет лақтарын ертіп шыққанда ауа райы суытып жел болып отырған. «Құралай желі» деген ырым бар.

Ой толғау.
Шығармашылық жұмыс.
«5 жол» өлең.
1 тапқа «Елік» сөзі
2 топқа «Аң»
3 топқа «Аңшы»
Рефлексия: - Бүгін не білдіңдер?
Не ұнады?
Бағалау: Бағалау парағы арқылы.
Үйге тапсырма: М. Қалдыбаев туралы мәнжазбаны жазып келу.

Павлодар қаласы
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Картабаева Динара Гиззатовна

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама