Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Манастың балалық шағы
Әдебиет
Сыныбы: 6
Сабақтың тақырыбы: Манастың балалық шағы

Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік мақсат – жырдың мазмұнына тоқталып, жырдың ауыз әдебиетіндегі батырлар жырымен ұқсастығын түсіндіре кету.
2. Дамытушылық мақсат - ой – өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, шығармашылық ізденіске баулу.
3. Тәрбиелік мақсат – елін, жерін сүюге, адамгершілікке баулу. Адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, салыстыру, сұрақ – жауап.
Сабақтың көрнекілігі: Көркем әдебиеттер, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу
Кезекші мәлімдемесі
Журнал бойынша түгелдеу

2. Үй тапсырмасын сұрау
Д. Исабековтің «Ата үміті» хикаятын еске түсіру.
Адамгершілік туралы ойларын ортаға салу.

Жаңа сабақ
Манас дастаны – қырғыз халқының дәстүрлі эпосы. Ауыз әдебиетінің тамаша үлгісі, бұл дастан ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа жырланып, халық есінде сақталуда. Эпос үлкен үш бөлімнен тұрады: Манас жыры, Манастың ұлы Сәметейдің жыры және Манастың немересі Сейтектің жыры.
Дастанның өзекті тақырыбын қытай мен қалмақ дұшпандарына қарсы шайқастар сипаттайды. Ол – тек қырғыз халқының ғана емес, күллі түркі халықтарының тарихы мен салт – дәстүрінен мол мағлұмат беретін энциклопедия тектес мұра. Онда қазақ халқының тарихына қатысты оқиғалар да кеңінен қамтылып отырады. Манасшылар күнді күнге, айды айға қосып жырлайтын алып жырдың көркемдік табиғатына кезінде қазақтың ұлы ғұламалары Шоқан Уәлиханов, Мұхтар Әуезовтер ерекше көңіл аударып, оның алғашқы зерттеушілері болған.
Сендердің назарларыңа, балалар, Манастың алғашқы ерліктерін бейнелейтін ықшамдалған тарауы ұсынылып отыр. Манастың балалық шағы.
Эпоста Манас атса оқ, шапса қылыш өтпейтін батыр, қара қылды қақ жарған әділ хан бейнесінде көрінеді. Жырда Манас жалғыз емес, оның жанында Ақбалта, Ажыбай, Сырғақ, Шуақ, Бақай, Алмамбет, Ер Көкше сынды батырлардың ерлігі ерекше әспеттеледі.
Манастың анасы Чиырды, құдай қосқан жары, ақылы мен ажары келіскен Қаныкей.

Басталуы: перзентсіз ата – ана, оның хал – жайы, кейіпкердің төтенше жағдайда туу тарихы, жылдам өсуі.
Негізгі оқиға: батырдың елін қорғауы мен ерлік жорықтары, шапқыншы жаумен соғыс, жауды жеңіп, ата – мекеніне оралуы.

Аяқталуы: жеңіс, қуаныш – той, тыныш өмір, батырдың баласының дүниеге келуі, баласының ерліктері.
Манас Манас болғалы, Манас әулие атқа қонғалы оған шақ келер теңдес табылмады. Манас бармақтайынан бақырса, таудағы бұғы біткен үрікті, тоғайдан жолбарыс қашты, қызыл шоқты жалаңаяқ басты, үйдей тасты таудан құлатты, он бестегі баланың қолын ұстағанда сындыра жаздап жылатты. Бала үшке келгенде үлкен Жынды деген атқа ие болды.

Жоспар бойынша тақырыпты ашу.
1. Манастың қырық қырғыз баласымен Алтай тауының бауырына жиналып ойнауы.
2. 8 жасар Манас бастаған ойын балаларына 80 қалмақ, оларды бастаған зор қалмақ баласы қырғыз балаларын кемітіп, мазақ қылып, ұрып – соғуы.
3. Манастың алғашқы батырлық ерлігінің суреттелуі (Оқушыларға мәтіннен тауып, оқыту)
4. Әкесі Жақыптың Манасқа ұрсуы.
5. Қария Ақбалтаның Жақыпқа қайырған жауабы және Манастан күткен үміті.
6. Манастың аты Айманбоз.
7. Манастың жауға шабуы.
8. Қанжарқолды өлтіруі.

Сергіту сәті
Батырлар туралы мақал – мәтелдерді еске түсірейік:
1. Елін сүйген ер болар
2. Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі.
3. Ел үмітін ер ақтар, Ер атағын ел сақтар
4. Ерлік білекте емес, жүректе.
Интерактивті тақтадан бейнефильм көрсету.
Сабағымызды қорытындылай келе бес жолды өлең жазайық.
1. не?
2. қандай?
3. не істеді?
4. не үшін?
5. жалпы ойды түйіндеу.

Оқушыларды бағалау
Үйге тапсырма: «Манас» жырының балалық шағынан үзінді жаттау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама