Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Мақал-мәтелдің бастауыш сынып оқушыларына тигізетін әсері
Мақал - мәтелдің бастауыш сынып оқушыларына тигізетін әсері.
Бастауыш сынып оқушылары үшін мақал - мәтелдің тәрбиелік мәні өте зор. Оқушылар сабақта мақал – мәтелдің мағынасына қарай отан сүйгіштікке, еңбекқорлыққа, ата - ананы, достарын қадірлеуді, жаманнан жиреніп, жақсыны үйренуге тәрбиеленеді. Сабақта мақал - мәтел шапшаңдыққа, алғырлыққа, ой - өрісін дамытуға көмектеседі. Әдебиеттік оқу пәнінен «Отан»тарауын өтер кезде оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында Отан туралы мақалдар таратып пікір талас тудыруға балады. Мысалы, Отансыз адам, ормансыз бұлбұл.
Отан - оттан да ыстық.
Ел іші алтын бесік.
Ерді ел өсіреді,
Жерді гүл өсіреді.
Есің бар да елін тап.
Отан үшін отқа түс, күймейсің.
Өз елім - өлең төсегім.
Өз елің - тұғырың, өз жерің – қыдырың.
Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
Туған жердің қадірің, шетте жүрсең білерсің.
Кісі елінде сұлтан болғанша, өз елінде ұлтан бол.
Сондықтан сөздің сырын ашып, мақалдың мәнін біліп, әсерлі әдемі сөйлеу кез келгенге жарасады.

Павлодар облысы, Қачир ауданы,
Қызылтаң ЖББОМ бастауыш сынып мұғалімі
Арынгазинова К. С.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама