Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Мақта қыз бен мысық (Қуыршақ театры)
ТАҚЫРЫБЫ: «Мақта қыз бен мысық» (Қуыршақ театры)
Ортақ тақырып: Жолдар бізді қайда бастайды?
ҰОҚ - ның оқытылу
Мақсаттары 0. 1. 1. 1 Ілікпе сөз бен фразаларды айтуда тыныс алуды реттеу.
0. 1. 1. 2 Дыбыстарды түрлі екпінде анық және дұрыс айту, сыбырлап және қатты айту.
0. 1. 2. 3 Интонацияларды ажырата алу және айту.
0. 3. 1. 4 Басқа кейіпкерлермен рөлдік қарым - қатынасқа түсу.
0. 3. 1. 5 Түрлі қуыршақтарды (киілмелі, сылдырмақты) пайдаланып қуыршақты басқарудың кейбір әдістерін білу.
0. 3. 1. 6 Ым - ишара, дауыс ырғағы, ойын атрибуттарын қолданып таныс әдеби шығармалар негізінде кейіпкерлердің бейнелерін жасау.
Күтілетін нəтиже Барлық тәрбиеленушілер:
ілікпе сөз бен фразаларды айтуда тыныс алуды реттейді; дыбыстарды түрлі екпінде анық және дұрыс, сыбырлап және қатты айта алады.

Көпшілік тәрбиеленушілер:
интонацияны ажыратады және дауыс мәнерін келтіре алады; басқа кейіпкерлермен рөлдік қарым - қатынасқа түсе алады.

Кейбір тәрбиеленушілер: түрлі қуыршақтарды (киілмелі, сылдырмақты) пайдаланып қуыршақты басқарудың кейбір әдістерін біледі;
ым - ишара, дауыс ырғағы, ойын атрибуттарын қолданып таныс әдеби шығармалар негізінде кейіпкерлердің бейнесін келтіреді.
Тілдік мақсат Тәрбиеленушілердің дағдыларының дамуы: алған ақпарат бойынша толық жауап бере алуы; әңгіменің мазмұны бойынша диалог құра білу; лексиканы қолдану арқылы образды беру.
Көптілділік:
Сәлем! – Привет! – Ні!
Сәлеметсіз бе! – Здравствуйте! – Нello!
Қайырлы таң! – Доброе утро! – Good morning! Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
Ассалаумағалейкүм, уағалейкүмассалам Сабақта диалог/хатта қолданылатын тіл:
Пікір алмасу сұрақтары:
– Үлкенге құрмет дегенді қалай түсінесіңдер?
Қандай сәлемдесу түрлерін білесіңдер?
Өткен ҰОҚ
бойынша алған білімі Ым - ишара, дауыс ырғағы, ойын атрибуттарын қолдана біледі, интонацияларды ажыратады, ауызша сөйлегенде дыбыстарды анық айтады.
Кейіпкерлердің іс - әрекеттері мен дауыс ырғақтарын сәйкестендіре алады.

I. Дұрыс əсерлі көңіл күй орнату. 0 – 2мин.
Тәрбиеленушілерге жағымды ахуал қалыптастыру.
Шеңбер болып тұрайық,
Алақанды ұрайық,
Күннің нұрын салайық, Таза ауадан алайық, Жылуын жүрек салайық.
Жиналған жылы шуақты Бір - бірімізге шашайық. Балаларға қонаққа барғанда, қонақ келгенде, мектепте, көшеде адамдар бір - бірімен қалай амандасу керектігін естеріне түсіруін ұсыну.

II. Өмірлік тəжірибені маңыздандыру.
Мақсатты болжам. 3 – 5 мин.
Ойын - жаттығу: «Сәлемдесу». Балаларға бірін - бірі қайталамай, әртүрлі дауыс ырғағымен және қимылдарымен сәлемдесуді ұсыну.

ҰОҚ - ның ортасы

III. Тақырып
бойынша жұмыс
6 – 27мин.
(Ө) Әліппе - дәптермен жұмыс.

1 - тапсырма. Берілген суреттен өздерінің достарымен сәлемдескенін қайталап көрсету.
Айсұлу: Әдепті баланың тәрбиесі сәлемінен - ақ көрініп тұрады. Халқымыз ежелден сәлемдесуге ерекше мән берген. Әңгімені амандасудан, есен - саулық сұрасудан бастаған. Халқымыз қол алысып амандасуға ерекше көңіл бөлген.. Сәлемге байланысты тағы қандай сөздер білесіңдер?– Қазақ салтында тәулік мезгіліне қарай: «Қайырлы таң!», «Қайырлы күн!», «Кеш жарық!» деп те амандасады.
Ал, балалар, кім бірінші болып амандасуы керек? – Кіші адам үлкен адаммен, ер бала қыздармен бірінші болып амандасады. Үйге немесе сыныпқа кірген адам отырғандармен бірінші болып амандасады, ал кетіп бара жатқанда қалғандарымен де бірінші болып қоштасады.
Адамдардың бір - бірімен сәлемдесу диалогі (балаларға атрибуттар беріп, рөлдерге бөлу).
Ата мен баланың сәлемдесуі. (Ассалаумағалейкүм!
Уағалейкүмассалам!)
Ата мен әженің сәлемдесуі (Амансың ба? Есенсің бе?)
Әже мен немересінің сәлемдесуі(Сәлеметсіз бе? Амансың ба, шырағым?) Көптілділік:
Сәлем! – Привет! – Ні!
Сәлеметсіз бе! – Здравствуйте! – Нello!
Қайырлы таң! – Доброе утро! – Good morning!
(Ұ) Әліппе - дәптермен жұмыс.

2 - тапсырма.
Қуаныш балаларды тіл ұстарту жаттығуларын жасауға шақырады:
Же - же - же – мейірімді әже.
Лем - лем - лем – мен айтамын сәлем.
Ол - ол - ол – зерлі қамзол.
Балаларға «Тіл дамыту және көркем әдебиет» сабағында танысқан «Кішіпейіл бала» әңгімесін еске алуды ұсынУ.

3 - тапсырма. Сызба бойынша «Кішіпейіл бала» әңгімесін еске түсіру. Досыңмен бірге диалог құрып айт (Қосымшаны қараңыз). Әңгімені сахналауды ұсыну.
Балалар «Сиқырлы дорба» ішінен кейіпкерлердің суреттері бар карточкаларды алады (ана, бала, сатушы, әже).
Ал қалған балалар көрермен болады.
Қуаныш театрға бару үшін не керек екенін сұрайды.
– Билетті қайдан аламыз?
Ендеше, кассаға барайық. 1 - бала: Сәлеметсіз бе, кассир апай!
2 - бала (кассир): Сәлеметсіңдер ме, балалар!
1 - бала: Бізге театр қойылымына билет бересіз бе?
2 - бала (кассир): Әрине!
(Балалар ақша төлеп, кассирден билет, бағдарлама алады).
Балалар: Рақмет! Кассир: Оқасы жоқ!
Балалар билеттеріне сай орындарына отырады. Сахналау.(Ө) Әліппе - дәптермен жұмыс. Айсұлу әжеге сыйлық жасауды ұсынады. 4 - тапсырма. Әжеге сыйлыққа өздеріңе ұнаған заттың суретін сал (орамал, көзілдірік, сақина, білезік т. б.).

Педагогтің аты-жөні: Құттымбетова Т. Н.

Мақта қыз бен мысық (Қуыршақ театры). жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама