Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
Математика әлемiне саяхат
Тақырыбы: Математика әлемiне саяхат. (презентациясымен)
Мақсаты: Оқушылардың ауызша, жазбаша, есептеу қаблеттiлiгiн ойын арқылы жеткiзу.
Бұл әлемге кiруге,
Талап, бiлiм керек қой.
Сол талапта, бiлiм де,
Бiздiң ойға тiрек қой.
Ойлаудан бiз жүйрiкпiз,
Басқалардан бөлекпiз
Туғаннан бойға дарыған
Жас дарынды түлекпiз
Алып тұлға дарамыз
Жас есепшi боламыз
Арамызда жүйрiк боп,
Алғаш боп топ жарамыз
Бiреу озса жарыста
Бiреу артта қалады
Ренжiмей тарасса
Озбағандар жарады.

Жоспар
1. Ой жұмбақ №1 ( Әрiптердi алмастыру)
2. Фокус №2 (Сиқырлы таблица)
3. Фокус №3 ( Қарындаш қай қалтада)
4. Жұмбақ ойын №4 (Кесе)
5. Жұмбақ ойын №5 (Ойлаған санын тап)
6. Бiлгенге маржан№6( Қазақша жыл аттары)
7. Әзiл сұрақтар
8 Сандар сыры
9. Қанатты сөздерде - сандардың қолданылуы.

Бұл математикалық жұмбақты дұрыс шешу үшiн цифрлардың орнына қойылған әрiптердi тиiстi сандармен алмастыру керек.

Шешуi: 38•25=950 434: 14=31
134•516=69144 891: 27=33
Таңбалар сиқыры туралы тарихи мәлiметтер.
Әр түрлi халықтар цифрларды әр түрлi таңбалармен белгiленген.
«+» және «-» таңбаларын бiрiншi рет 1489 ылы чех ғалымы Я. Видман енгiзген.
Одан кейiн көбейту «х» таңбасын енгiзген.
Көбейту амалының таңбасын 1631 жылы ағылшын математигi У. Оутред, ал«∙» таңбасын 1698 жылы немiс ғалымы Г. В. Лейбниц енгiзген.
Бөлу амалының «:» таңбасын алғаш рет 1684 жылы неміс ғалымы Г. В. Лейбниц енгізген.
Бөлу амалын бөлшек түрінде жазудың «—» таңбасы У. Джонстың (1675 - 1749) еңбектерінде пайдаланылған.
Қанатты сөздерде - сандардың қолданылуы.
1. Жетіге келгенше, жерден жеті таяқ жерсің.
2. Қырықта қылаң, елуде елес.
3. Болар бала жеті жастан бас болар.
4. Мың досың болса да, біреуі жетпей тұрады.
5. Отыз күн ойын, қырық күн тойын,
6. Елу - ердің жасы, алпыс - бір сұмдықтың басы, жетпіс - сексен оттың қасы, тоқсан – тұралатұан тор.
7. Жігітке жетпіс өнерде аз.
8. Жүз есе тырыссаң да, мезгілі жетпей іс бітпейді.
9. Он мың сөздің түйінін, он сөзбен шеш.
10. Отызыңда орда бұзбасаң, қырқыңда қыр баспассың.

Толық нұсқасын, презентациясын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама