Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Математика – еліне саяхат
Сабақтың тақырыбы: Математика – еліне саяхат
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды білімді, жан - жақты болуға, жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға үйрету.
Міндеті:
1. Білімділік: Оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін пысықтап, қайталауға арналған есептер шығару.
2. Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау, есептеу қабілеттерін дамыту. Тиянақты жауап беруді талап ету.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды тапқырлыққа, жылдам ойлауға, ойын қорыта білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
Сабақтың типі: білім, іскерлік, дағдыларын бақылау
Сабақтың әдіс – тәсілдері: Сұрақ – жауап, тірек – сызба, ойын.
Сабақтың көрнекілігі: слайд, шарлар, сыйлықтар.
Басқа сабақтармен байланысы: дүниетану, бейнелеу, логика.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Математика 1 сынып, Алматы «Атамұра» 2013 ж.
2. Балдырған 2014 ж.
3. Бастауыш сынып журналы 2014 ж.

Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру:
ІІ. Негізгі кезең:
1. Таныстыру
2. Кім жүйрік?
3. Дода
4. Сандар сөйлейді
5. Есте сақта
6. Ертегі есеп
7. Кім жылдам?

ІІІ. Қорытынды.
а) марапаттау
ә) сабақты бекіту

Сабақтың барысы:
І. Сәлеметсіздер ме бүгінгі ойынға қатысушылар және әділқазылар мен көрермендер. Бүгінгі көңіл - күйлеріңіз қалай? «Математика – еліне саяхат» атты сайысымызды бастамас бұрын әділ - қазылар алқасымен танысып алайық.

ІІ. Негізгі бөлім. Таныстыру
Жемістер тарату арқылы оқушыларды үш топқа бөлу.
І топ: «Алғырлар» тобы
ІІ топ: «Тапқырлар» тобы
ІІІ топ: «Зеректер» тобы

а) Математикалық диктант
4+3= 7
5+4= 9
3+6= 9
10 - 4= 6
8 - 4= 4
9 - 5 = 4

ә) Тест
4 + 3= 9, 10, 7
10 – 3= 7, 8, 9
5 + 4 = 8, 9, 10
6 + 3 = 9, 6, 4
9 - 2 = 5, 6, 7
6 - 3 = 4, 3, 5
б) Дұрыс жауапты тап

8, 10, 9
4 + 4
9 – 1
7 + 2
9 – 2
5 + 5
6 – 3
Бауырсақ ертегісі. Бауырсақ үйден апа мен атадан қашып кетеді. Жолда оған кім кезігетінің келесі тапсырма арқылы біле аламыз.
4 + 2 – 1 + 0 – 2 = 3 Н
5 + 2 – 1 + 4 – 2 = 8 О
6 + 2 + 1 – 4 + 2 = 7 Қ
7 + 2 + 1 – 2 + 1 = 9 Я

Жолда оған қоян жолығады. Қоян оны жемекші. Біз бауырсаққа көмектесуміз керек. Ол үшін біз қоянның тапсырмасын орындаумыз керек. Өрнектің мәнін тап:
3 + 2 = 5
5 + 3 = 8
4 – 4 = 0
6 – 2 = 4
7 + 3 = 10
9 - 2 = 7
2 + 6 = 8
8 – 5 = 3
4 + 5 = 9
Бауырсақты қояннан құтқардық. Ол жолда аюды кездестіреді. Аюдың тапсырмасын орындасақ, ол бауырсақты жемейді. Себетке бүлдірген жинау:
10 – 4 + 1 = 7 ------ 4 + 3 – 2 = 5 ------- 7 – 4 + 6 = 9
9 – 8 + 6 = 7 -------- 7 + 3 – 5 = 5 ------- 8 + 2 – 1 = 9
-------------------------------------------------- 2 + 4 + 3 = 9
Бауырсақ жолда келе жатып қасқырға жолығады. Қасқыр бауырсақты жемекші. Біз қауырсақты құтқарумыз керек. Ол үшін қасқырдың тапсырмасын орындаумыз керек.
1) Салыстыр:
6 + 3 > 7 + 1
3 < 6="" –="">
10 – 2 < 9="" +="">
5 < 4="" +="">
2) Өрнектер.
Әріпті өрнектер: --- Санды өрнектер:
а + 4 ------------------------ 3 + 7
4 – а ------------------------ 2 – 2
7 – а ------------------------ 9 – 4
8 – а ------------------------ 5 + 4
а - 4 ------------------------- 9 – 6
Бауырсақ келе жатып, келе жатып түлкіге жолығады. Түлкіде бауырсақты жемекші. Біз түлкіден де бауырсақты құтқарайық. Оның бес тапсырмасы бар екен.
1) 4 + 3 = 7 қоян

2) Суреттегі үшбұрыштарды табу.
І топ: «Алғырлар» тобы (9 үшбұрыш)
ІІ топ: «Тапқырлар» тобы (7 үшбұрыш)
ІІІ топ: «Зеректер» тобы (6 үшбұрыш)

3) Фигураларды ата: Шеңбер, үшбұрыш, трапеция, бесбұрыш, алтыбұрыш.
Бұл бөлімде әр топтарға жеке - жеке сұрақ қойылады. Әр дұрыс жауапа бес ұпайдан беріледі.

4) Ребусты шеш.
І топ: «Алғырлар» тобы (жүз)
ІІ топ: «Тапқырлар» тобы (екі)
ІІІ топ: «Зеректер» тобы (сана)

5) Венн диаграммасы:
Тақ сандар: 1, 3, 5, 7, 9.
Жұп сандар: 2, 4, 6, 8, 10.
Натурал сандар: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10.
Біз бауырсақты ата мен апаға қайтардық.

ІІІ. Қорытынды.
Сөз кезегін әділ қазыларға берейік.
Құрметті қауым!
Miнe, "Математика – еліне саяхат" интеллектуалды ойынын ойнап жеңімпазымызды анықтадық. Ойынға ат салысқандарыңызға сіздерге алғысымызды айтамыз.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама