Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Математика - ғылымдар патшасы
Шебер - класс
Тақырыбы: «Математика - ғылымдар патшасы» (флипчарт сабақ)
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін бекіту, ойын арқылы оқушылардың білім, білік, іскерлік дағдыларын қалыптастыру. Өзін - өзі бағалай білуге, өзара сыйластыққа, ұжымдық қарым - қатынасқа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Теориялық, практикалық білімдерін, ой - өрісін шыңдай отырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Шебер – кластың жүру барысы: (2 флипчарт)
1. Кіріспе бөлім
Тренинг: Іске сәт!
Ой жинақтау. «Ондық бөлшек», «Жай бөлшектер» ұғымына ассоциация

2. Негізгі бөлім
«Математикалық домино» ойыны арқылы оқушылардың теориялық білімдерін бекіту.
Имитациялық ойын «Миллион Евро»;
Шығармашылық бөлім. Циклограмма «Компьютер», «Математикалық жұмбақ».
«Бұл таңбалар нені білдіреді?»ойыны
Сергіту сәті.
Академиялық дау-дамай «Математиканы оқу» қажет пе, қажет емес пе?

3. Қорытынды: Венн диаграммасы.
Оқушылар сыйлық таңдау бойынша 2 топқа бөлінеді.
- Сәлеметсіздерме, оқушылар! Бүгінгі «Математика - ғылымдар патшасы» атты шебер класқа қош келдіңіздер! Қолдарыңызда таңдаған сыйлық бойынша екі топқа бөліндіңіздер. Енді сабағымызды бастайық! Сабағымыз сәтті өту үшін үш шапалақ орындайық! Бір! Екі! Үш!
- Ойымызды жинақтау мақсатында «Ондық бөлшек», «Жай бөлшек» ұғымына топтау стратегиясын орындайық! (3флипчарт)

Негізгі бөлім!
«Математикалық домино» ойыны. Интерактивті тақтада көрсетілген сұраққа жауап іздеп, тауып орнынан апарады.(4 флипчарт)
Имитациялық ойын «Миллион Евро»(5флипчарт)
Екі топтағы оқушылар екі банк болып бөлінеді. Екі топқа миллион евро ақша беріледі. Екі топтың инкасаторы ортаға шығып, ақшаны бөліп алады. Енді ол ақшаны қай банк қалай жұмсайды, ол өз еріктеріңізге қалдырдық. Тек бір кеңесім, банк банкрот болып қалмау үшін тиімді пайдалануларыңыз шарт! Олай болса, Іске сәт!
Циклограмма «Компьютер» (6 флипчарт)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама