Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Математика мен геометриядан қысқа мерзімді жоспар
Тақырыптар:
1. Арифметикалық және геометриялық прогрессия (9 сынып)
2. Кеңістіктегі векторлар (10 сынып)


Арифметикалық және геометриялық прогрессия тақырыбына қысқа мерзімді жоспар
Сабақтың атауы: Арифметикалық және геометриялық прогрессия
Сілтеме: Алгебра 9 - сынып, слайдтар, дидактикалық материалдар
Жалпы мақсаты: Арифметикалық және геометриялық прогрессиялар анықтамаларын, формулаларын және қасиеттерін есептер шығаруда қолдана білуге дағдыландыру.
Міндеттер:
Алған білімдерін есептер шығаруда қолдана білуге қалыптастыру.
Күнделікті өмірде қолдана білу, мәндерін ажырата білу
Мұғалім үшін оқу нәтижелері Оқуға бағыт - бағдар беру;
Топта жұмыс істеу арқылы аталған тақырыпты меңгеріп шығу;
Оқушылардың өзін және достарын бағалау мүмкіндіктерін жасау
Әдіс - тәсілдер: Жұпта жұмыс істеу, диалогтік оқыту, сыни тұрғыдан ойлау, өзін - өзі бағалау, топпен жұмыс, сұрақ - жауап, талдау, қорыту, деңгейлеп саралап оқыту
Сабақтың түрі: Қайталау, қорытындылау сабағы
Сабақтың көрнекілігі: видеопроектор, тақырыпқа сай слайдтар, А3 парақтары, стикер, бағалау парақтары.
Күтілетін нәтиже: Формулаларды есептеу жұмыстарында пайдалануды үйренеді;
Күнделікті қоршаған ортада кездесетін есептердің мәндерін түсінеді дағдыланады
Ұйымдастыру кезеңі 5 мин
Топқа бөлу. «Арифметика», «Геометрия», «Математика» сөздері жазылған парақтарды алып топтасады.
Жағымды ахуал туғызу: Қайырлы күн, қымбатты балалар! Бүгін мен сендерді ерекше көңіл - күймен қарсы алып тұрмын. Сендер үшін бір керемет әрі жақсы нәрсе жасағым келіп тұр. Кәнеки, дайындаған ақ парақты алып, оны төбемізге қойып, жұптасып, бір - біріңе қарап, алдарыңызда тұрған сыныптастарыңның суретін саласыздар. (Басын, көздерін, қастарын, мұрын, ерінді, құлақты, денесін, қолдарын, аяқтарын салыңыз). Ал енді салған суретіңізді оған көрсетіңіз. Қалай? Ұқсастығы бар ма? Егер ұқсастығы бар болса, онда сіз керемет суретшісіз! Рахмет! Бір көңілімізді көтеріп тастадық. Ал енді сабақты бастайық.
Сабақтың барысы
Білу. Ой - қозғау - (5мин)
Бұл кезеңде үйге берген тапсырманы талдаймыз. Топпен жұмыс.
І топқа «Арифметикалық прогрессия»
ІІ топқа «Геометриялық прогрессия»
ІІІ топқа «Арифметикалық және геометриялық прогрессияның ұқсастығы» постер қорғату
Түсіну.
«Ұтқыр ойдан ұтымды жауап» ауызша жаттығу. (5мин) Кесте толтыру
Тізбектерді ажыратып алу (егер арифм. прогрессия болса, онда оның айырымын немесе геометр. прогрессия болса, онда оның еселігін тап)
1) 3; 6; 12; 24:....
2) 800; 1100; 1400; 1700; 2000; 2300;...
3) 1; 4; 7; 10; 13;......
4) 4; 12; 36;...
5) 40; 20; 10; 5; 2, 5;....
6) 3; 0; - 3; - 6; - 9;.....
7) 1; 3; 9; 27;....
8) 6; 36; 216;...
9) 0, 2; 0, 8; 1, 4; 2; 2, 6;....
10) 5; 5; 5; 5; 5; 5...
Жауабы:
Арифметикалық прогрессия
d=
2) d=300
3) d=3
6) d= - 3
9) d=0, 6
10) d=0

Геометриялық прогрессия
q=
1) q=2
4) q=3
5) q=1/2
7) q=3
8) q=6

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама