Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Математикадан өткізілген ертегі сабақ
Сабақтың тақырыбы: Қайталау сабағы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың осы күнге дейін алған білімдерін тиянақтап, қайталау, есептер арқылы білімдерін тексеру;
Дамытушылық: Сын тұрғысынан ойлау техникаларының элементтерін пайдалана отырып оқушылардың зейінін ойлау, байқағыштық қабілеттерін, зерде үрдісін дамыту, қиялын ұштап, қабілеттерін шыңдау, шығармашылыққа жетелеу;
Тәрбиелік: оқушыны ізденуге, салыстыруға, жеке жұмыс, топ болып, бірлесе жұмыс істеуге, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, адалдыққа тәрбиелеу. Оқушылар бойына адамгершілік қасиеттерін енгізу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, таратпа кесте қағаздар, сөзжұмбақ, тесттер, дидактикалық ойындар, суреттер.
Сабақтың түрі: ертегі сабақ, ойын сабақ
Сабақтың типі: өткенді қайталау, саяхат сабақ
Әдіс - тәсілі: сұрақ - жауап, жеке топпен жұмыс, өз бетімен жұмыс.
Сабақтың түрі: Мақта қыз бен мысық ертегісі желісіндегі саяхат сабақ,
Әдіс - тәсіл: сұрақ - жауап, ойын, әңгімелеу, пәнаралық байланыс..

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық сәт.
Мұғалім:
Бір, екі, үш
Сынып іші тып - тыныш
Жалқаулықты тастаймыз
Сабақты біз бастаймыз.
2. Үй тапсырмасын тексеру. №6. (203 - бет)
25 м >30 м - 6 м
48 см = 60 см – 12 см
43 л + 24 л > 66 л
89 кг – 35 кг < 55="">
«Ақшақардың қолына қар қондыр» ойынын ойнау.
Балалар, естисіңдер ме бір дыбыс шығады? Бұл әнде не тұралы айтылған? (Әйгерім Қалаубаеваның «Ертегілер» әні ақырын қосылып тұрады) Бүгінгі сабағымыз ерекше болады. Себебі біз ертегілер әлеміне саяхатқа шығамыз.
Мақта қыз бен мысық ертегісі. Бұл екеуі дос болып жүреді. Мақта қыз үйін жинап жүріп, бір мейіз тауып алады да, мысықты шақырады. Мысық келмейді. Қыз: Келмесең келме – деп, мейізді өзі жеп қояды. Жеп болған соң мысық келіп: — Неге шақырдың? — деп сұрайды. Мақта қыз айтпайды. Сонан соң мысық: — Ендеше қатығыңды төгем - дейді.
Мақта қыз: — Мен құйрығыңды кесіп аламын - дейді. Мысық қатықты төгеді. Мақта қыз мысықтың құйрығың кесіп алады. — Мақта қыз құйрығымды берші - дейді. Қатығымды қайтарған соң, құйрығыңды беремін дейді. Енді мысық бізден көмек сұрап тұр. Мысыққа құйрығын қайта алуға көмектесеміз бе? Ол үшін біз тапсырмаларды орындауға көмектесейік. Сәт сапар, достар!

3. Жаңа сабақ
Сиырдың тапсырмасы:
№2. Қаншасы артық екенін табу.
(46+23)-(46 - 23)=69 - 23=46
(45+35)-(27+32)=80 - 59=21
Ағаштың тапсырмасы №5.
37+6=43
64 - 5=59
43+42=85
78 - 43=35
52+9=61
26 - 8=18
54+25=79
59 - 32=27
16+5=21
43 - 6=37
47+21=68
94 - 33=61

2 тапсырма:
Қыздардың тапсырмасы.
«Балық аулау» ойыны арқылы теңдеулерді шешу.
Дүкеншінің тапсырмасы.
1) Қайсарда 9 ойыншық машина және 8 ойыншық сарбаз болды. Ол бірнеше ойыншықтарын досына бергенде, өзінде 10 ойыншық қалды. Қайсар досына неше ойыншық берді?
2) Әжемде 12 келеп ақ жүн және 8 келеп көк жүн болды. Осы екі жіптен әжем жемпір тоқығанда, 11 келеп жіп артылып қалды. Әжем жемпір тоқуға неше келеп жүн жұмсады?
1) Болды -? 9+8
Берді -?
Қалды – 10
Шешуі: 1) 9+8 = 17 2) 17 - 10=7
Жауабы: Досына 7 ойыншық берді.
2) Болды -? 12+8
Тоқыды -?
Қалды - 11
Шешуі:
1) 12+8=20
2) 20 - 11=9
Жауабы: 9 келеп жүннен тоқыды

Тауықтың тапсырмасы. №6.
(48 сағ+22 сағ)- 25 сағ=45 саг
100 тг - 40 тг+25 тг=85 тг
90 см -(85 см - 45 см)=50 см
70 жыл - 35 жыл - 35 жыл=0 жыл

Тышқанның тапсырмасы
Миға шабуыл
«Біздің еліміздің оңтүстік аймақтарында түрлі кезеңде Лепсі, Шу, Шыршық каналдары қазылған болатын. Олардың бірінің ұзындығы 39 км, екіншісінің ұзындығы 70 км және үшінші каналдың ұзындығы 86 км. Егер Лепсі каналының ұзындығы Шу каналынан артық, бірақ Шыршық каналының ұзындығынан кем болса, онда осы каналдардың әрқайсысының ұзындығын тап.
Лепсі 39 км
Шу 70 км
Шыршық 86 км
Қорытынды. Топтастыру. Бүгінгі сабағымызда не үйрендік?
Үйге тапсырма.
Бағалау

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама