Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Математикадан сабақ топтамасы
Топтамадағы сабақтар тізімі:
1. Сызықтық функция және оның графигіне есептер шығару (6 сынып)
2. Ондық бөлшектерді қосу және азайту (5 сынып)
3. Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерге есептер шығару (6 сынып, слайд)
4. Көрсеткіштік теңдеулер және олардың жүйелерін шешу (11 сынып слайд)
5. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесін шешу


Математикадан сабақ топтамасы
6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерге есептер шығару
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шығару, осы тақырып бойынша, оқушылардың білім дәрежесін анықтау, алған білімдерін тиянақтау;
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, практикалық дағдысын қалыптастыру;
Тәрбиелік: Топпен жұмыс істеуді қалыптастыру, өзара көмектесуді дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: Бекіту сабағы
Сабақтың жабдықталуы
Технологиялық карталар
Компьютерлік оқу құралдар
Слайдтар
Жұмыс дәптері
Сабақтың эпиграфы: “Адамның басшысы - ақыл, шолушысы - ой, жетекшісі - талап, қорғаушысы - сабыр, сынаушысы - халық, таусылмайтыны – арман, ең қымбаттысы - ар сақтау, бәрінен ардақтысы - өмір сүру, соның ішінде ең тәттісі – сыйластық!” (Төле би)
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын сұрау
а) “Миға шабуыл”
Өзара тексеру парағы бойынша жұмыс.
ә) Есептерді тексеру
3. “Қарлы кесек” ойыны
4. Сәйкестендіру тесті
5. Деңгейлік тапсырмалар
6. Тірек - сызба. Сабақты қорытындылау
7. Үйге тапсырма. Кроссворд “Математика”

Үй тапсырмасын тексеру
“Миға шабуыл”. Өзара тексеру парағы бойынша сұрақтарға жауап беру.
Қандай теңдеуді бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу деп атайды?
Қандай теңдеулер мәндес теңдеулер деп аталады?
Теңдеудің қандай қасиеттерін білесіңдер?
Егер болса, бір айнымалысы бар сызықтың теңдеудің түбірі қалай табылады?
Теңдеулерге негізгі ғылыми еңбектерін арнаған қазақтың қандай ғалымын білесіңдер?

“Қарлы кесен” ойыны
А тобының тапсырмасы
1) ах=b теңдеуінің түбірін жаз
2) Теңдеуді шешіңдер:
...................................
3) Теңдеудің түбірлерін табыңдар
7х -(3+2х) = х+9

Сәйкестендіру тесті
Теңдеуді шешіңіз:
х+5=7 --------- а) 5
Х - 2=3 ----------- б) 2
Х+8=11 ------------- в) - 1
25 - 4x=12 - 5x -------- c) 3
8x+3(7 - 2x)=4x+3 ------- d) - 13
3x -(10 - 9x)=22х ------------- e) 9

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама