Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Математикалық ралли
Сыныбы: 5 - 7 сыныпқа
Сабақтың тақырыбы: Математикалық ралли
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын артыру.
Дамытушылық: оқушылардың ұйымдастырушылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке, өзін - өзі тәрбиелеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, нақыл сөздер, сөзжұмбақтар, танграмм
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: Топтық сайыс сабағы
Сабақтың әдісі: Ойын түрінде
Сабақтың жоспары: 1. Топтың өзін - өзі таныстыруы, амандасу рәсімі
2. Тапқырлық сайысы (логикалық есептер)
3. Жұмбақтар сайысы
4. Математикалық сұрақтар
5. Ойымды жалғастыр (мақал - мәтелдер)
6. Сөзжұмбақ сайысы
7. «Қызықты танграмм» ойыны
Қолданылған нақыл сөздер:
1. Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы.
(К. Гаусс)
2. Ақыл - ойды тәртіпке келтіретін математика.
(М. В. Ломоносов)
3. Математика - барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те (Р. Бэкон)
Жүргізуші: Қайырлы күн қадірменді көрермендер! «Математикалық ралли» ойынына қош келдіңіздер!
Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді. Ортаға «Үшбұрыш», «Квадрат», «Трапеция» топтарын шақырамыз.
Математика сырлары,
Қызықтырды біздерді.
Ойынға бірге қатысуға,
Шақырамыз сіздерді,- дей отырып сайыскерлеріміздің білімі мен тапқырлықтарына баға беретін әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

1. Кезекте амандасу рәсімі І топ «Үшбұрыш» тобы
Ұраны: Білекті бірді жығар.
Білімді мыңды жығар.
Сәлемдесуі: Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,
Көрсетеміз бізде қандай күш барын
Алға қойған мақсатымыз бір екен.
Сәтті болсын сапарымыз әрдайым.
Таныстыруы: Үшбұрыш деп жазықтықта бір түзудің бойында жатпайтын үш нүктені тізбектей қосқаннан шыққан фигураны айтамыз.
Үшбұрыш қабырғаларына қарай үш түрлі:
1. тең қабарғалы үшбұрыш
2. тең бүйірлі үшбұрыш
3. әр қабырғалы үшбұрыш
Үшбұрыш бұрыштарына қарай үш түрлі:
1. тік бұрышты үшбұрыш
2. сүйір бұрышты үшбұрыш
3. доғал бұрышты үшбұрыш
Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы 180º - қа тең.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама