Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Математиканы пайдаланып табиғатты зерттеу
Дүниетану 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Математиканы пайдаланып табиғатты зерттеу
Сабақтың мақсаты: оқушыларды бақылау әдісімен таныстыру

Міндеттері:
Білімділік: оқушыларды уақыт, ұзындық және салмақ өлшем бірліктерімен таныстыру. Бұрынғы уақыт пен қазіргі уақыттағы санау жүйесін салыстыру.
Дамытушылық: оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, өзіндік қорытынды жасай білуге үйрету. Өз ойын дәлелдеу.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Әдістемелік тәсілдері: логикалық сұрақ - жауап, тест, түсіндіру, талдау
Пәнаралық байланыс: биология, салауаттану, математика
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты сюжетті суреттер

Сабақтың жоспары:
I. Ұйымдастыру кезеңі - 3мин.
II. Үй тапсырмасын тексеру - 10мин.
III. Қайталау сабағы - 15мин.
IV. Сабақты бекіту - 5мин.
V. Үйге тапсырма беру - 3мин.
VI. Қорытындылау - 6мин.
VII. Бағалау - 3мин.

Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
А) Сәлемдесу.
Ә) Оқушыларды түгендеу.
Б) Сабаққа зейіндерін аударту.
Психологиялық дайындық.
Күндей жадырап,
Айдай арайлап,
Жұлдыздай жарқырап
Бүгінгі сабағымызды бастаймыз!
Үй тапсырмасын тексеру:
3 - 4оқушыдан үй тапсырмасын сұрау.
Оқушылар жұптық жұмыс жасайды. Бір - біріне сұрақ қойып, үй тапсырмасын пысықтайды.

ЖАҢА САБАҚ:
Сұрақ - жауап әдісін пайдалану.
Тәжірибе дегеніміз не?
- Тәжірибе дегеніміз шындыққа сынақ жүргізу арқылы көз жеткізу, танып білу.
Бақылау әдісі дегеніміз не?
- табиғат заттары мен құбылыстарын тікелей көріп, ұстап, дыбысы болса тыңдап, естіп зерделеу жолдарын бақылау әдісі дейді.
- балалар, сендер күнге қарап таң атты ма, түскі уақыт па, кешкі уақыт па ажырата аласыңдар ма?
- күнге қарап шамамен қай мезгіл боп қалғанын біле аласыңдар ма?
Мәтінмен таныстыру.
Мазмұнын талдау.

Сабақты бекіту:
Оқушылармен өлшем бірліктерді қайталау.
Уақыт өлшемдері: секунд, минут, сағат, тәулік, апта, ай, жыл, ғасыр
Салмақ өлшем бірліктері: миллиграмм, грамм, килограмм, центнер, тонна
Ұзындық өлшемдері: миллиметр, сантиметр, дециметр, метр, километр

Сабақты қорытындылау:
өзіндік жұмыстағы тест тапсырмаларындағы қателік жіберген сұрақтарды талқылау.
Үйге тапсырма: 43 - 44бет мазмұндау
Бағалау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама