Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Мәтінді есептерді теңдеудің көмегімен шығару
Семей қаласы, №42 жанында интернаты бар
жалпы орта білім беретін мектептің
Математика пәні мұғалімі:
Абишева Маржан Жумагазыевна

Математика 5 сынып
Сілтеме: Күнтізбелік жоспар, оқу жоспары, оқулық
Сабақ тақырыбы: Мәтінді есептерді теңдеудің көмегімен шығару
Жалпы мақсаттар: Мәтінді есептерді талдау, белгісізді х әрпімен белгілеу, шартын құру
Оқыту нәтижелері: Мәтінді есепті талдап, теңдеу құра біледі
Ресурстар: Маркер, А3 қағаз, стикерлер, интерактивті тақта
Сабақтың типі: Практика

Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері
1 - кезең: Қызығушылықты ояту:
- ұйымдастыру
- үй тапсырмасын тексеру;
- қарастырылған тақырып бойынша бұрынғы білім еске түсіріледі;
- белсенді әрекетке жұмылдырылады;
- ойлау жұмысына ынталандырылады
1. «Мен өмірімді саясат пен теңдеулерге бөлуге мәжбүрмін, алайда меніңше теңдеу саясаттан гөрі маңыздырақ, себебі саясат тек қазіргі жағдаймен байланысты болса, ал теңдеу мәңгілік». Альберт Эйнштейн
2. Мультфильмдердің кейіпкерлері, кино әлемінің кейіпкерлері, ертегі әлемінің кейіпкерлері, аңыздағы кейіпкерлер (4 топ 5 оқушыдан)

3. Бағалау критерийін көрсету. Сабақтың соңында көшбасшы бағалайтындарын ескерту
Тапсырма: есепті шешуге теңдеулер құрастырыңдар
1. Асқар бір сан ойлады. Егер 390 - нан ойлаған санды алса, 185 саны шығады. Асқар қандай сан ойлады?
2. Шелекте бірнеше литр сүт болды. Оған 23 литр сүт құйып, одан тағы 32 литр сүтті құйып алғанда, шелекте 24 литр сүт қалды. Шелекте алғашқыда қанша литр сүт болған?
3. Марат 51 балық ұстап алды. Бірнеше балықты ол досына сыйлады. Маратта 37 балық қалды. Марат досына қанша балық сыйлады?

2 - кезең: Мағынаны ажырату:
- оқушылар өз тәжірибелері арқылы жаңа білім туралы өзіндік түсінік пен пікір қалыптастырады;
3 - кезең: Ой - толғаныс:
- анализ, өз ойлары мен түсініктерін өздері игерген мәліметтері арқылы жеткізеді;
- синтез, бір - бірімен ой бөліседі
- сабақ қорытындысы
Келесі оқуға арналған тапсырмалар (үй тапсырмасы)
Рефлексия

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама