Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Махаббат - өмір нәрі
Өзін - өзі тану пәнінен қысқа мерзімдік сабақ жоспары

I. ТАРАУ
ТАНЫМ ТАҒЫЛЫМДАРЫ
Сабақтың атауы «Махаббат - өмір нәрі»
Жалпы мақсаты: «Махаббат» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Адам бойындағы махаббат сезімін, сүйіспеншілікті танып, оны құрмет тұтуға баулу;
Міндеттер:
- махаббаттың бар адамға ортақ көп қырлы дегдар сезім екенін, ал сүю мен ғашық болу жаратылыстың адамға берген ерекше нұрлы, іңкәрлігі екенін білдіру;
- адамды, өмірді, табиғатты сүйе білуге, оны құрметтеп, қадір тұтуға баулу; өз сезімін дамытуына, сезім шуағынан ләззат алуға жетелеу;
- сүйіспеншілікке, сезімталдыққа, нәзіктікке тәрбиелеу.
Сабақта туындаған негізгі идеялар: Оқушылар махаббат сөзінің көпқырлылығын, мағынасын ашып, түсінеді. Өз сезімдерімен бөліседі. Махаббат пен Уақыттың адам өміріндегі алатын орнын өз беттерінше ізденеді. Ойларын ашық айтып, сезімдерін жеткізуге үйренеді, басқалардың пікірін тыңдап, қорытынды шығаруға үйренеді. Жұппен жұмыс жасай алады.

Күтілетін нәтиже: Сыни ойлау арқылы өзін бағалайды, өз іс – әрекетін бағалайды.
Тапсырмалар
Үш деңгейлі оқушыларға I. «Махаббатсыз - өмір бос» эссе жазу
II. «Өміріңізге махаббатты енгізу» (338 бет) мәтінді оқып, түйінін шығару
III. «Жан қалауынан - махаббат, сана қалауынан - достық, тән қалауынан - құмарлық туады. Демек махаббат пен құмарлық екі басқа. Қайың отпен достасуға құмартыпты. От қайыңға өзінің жалындаған гүлін ұсыныпты. Жасқайыңның күлі ғана қалыпты» мағынасын ашу. (741 - бет)
Оқушыларды ұйымдастыру, сәлемдесу шаттық шеңбері, психологиялық ахуал орнату, ынталандыру

СТО сұрақтары
Сабақтың маңыздылығы не?
- оқушылар не алады?
- бұрынғы білімін қалай пайдалана алады?
- өмірден алған тәжірибесінің әсері?
- сабақтың болашақта оқушыға қандай пайдасы бар?

Сабақ барысында жасаған мұғалім мен оқушының іс - әрекеті
Көшбасшылық жасау. «Мерекем - сен» әнін орындау.
Сөзі мен әні Қ. Қазыбековтікі
Махаббатым, нәр бердің,
Жүрегіме - жаныма
Ғұмырыма гүл ектің,
Арманыма - жолыма.
Қайырмасы:
Жан шуағым мерекем,
Іздегенім сен екен.
Өзіңменен шаттанып,
Кірер менің берекем.
Мөлдіреген көзіңді,
Сүйем деген сөзіңді,
Қуат етіп келемін.
Қайырмасы:
Бақытым да сен болдың,
Мақсатым да аңсаған.
Болдым ынтық өзіңе,
Кездескелі мен саған.

Ақмола облысы,
Целиноград ауданы, №10 орта мектебінің
психолог және өзін-өзі тану пәні мұғалімі
Есбосынова Айнаш Куанышовна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама