Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Махамбет Өтемісұлы «Менің атым – Махамбет»
Тақырыбы: Махамбет Өтемісұлы «Менің атым – Махамбет»
Сабақтың мақсаты:
1. Бүгінгі өскелең ұрпақ ақынның кім екендігін, оның өлеңдерінің тақырыбын, тарихын, идеясын аша отырып, ақынды тағы да жаңа қырынан таниды, өлеңдеріне талдау жасайды.
2. Оқулық пен қосымша деректерді пайдалануға, өз ойларын еркін айтуға, өз пікірлерін қорғап, ақын поэзиясын насихаттап, әдеби тілмен сөйлеуге дағдыланады.
3. Туған жерді сақтау, оны аянбай қорғау сезіміне баулу, бабалардың ерлік рухын сезіндіру арқылы азаматтық тәрбие беріледі, ұлттық намысты қалыптастырып, поэзияны сүюге баулиды.
Сабақтың типі: жаңа сабақ.
Сабақтың түрі: шығармашылық сабақ.
Сабақтың әдісі: мәнерлеп оқу, топтастыру, сұрақ - жауап, топтық жұмыс, сөздік жұмыс, ББҮ, ой толғаныс.
Пәнаралық байланыс: тарих, география.
Көрнекілігі: ақының портреті, өмірдерек – бейне слайд, Махамбет киносы, бағалау парақшасы, мәтін жазылған қима қағаздар.

Сабақтың барысы
Ұйымдастыру.
1. Оқушылар назарын сабаққа аудару.
2. Оқушыларды топқа бөлу (түрлі түсті қағаздарды таңдау арқылы). (3 мин.)
Қызығушылықты ояту.
Махамбет туралы бейнекөрініс көрсетіледі.
Постер қорғау.
Бейнекөрініске байланысты сұрақ қойылады:
– Иә, балалар, Махамбет кім? Исатай екеуінің халықты көтеріліске бастауының себебі не? Махамбет туралы не білеміз?
Бағалау. Ойын жүйелі баяндап, дәлелді пікірлер айта алуына байланысты бағаланады.

Жаңа сабақ.
«Менің атым – Махамбет» өлеңі оқылады.

Менің атым – Махамбет,
Жасқұстағы Жәңгір хан
Ісінен болдым құса дерт.
Атасы өткен Айшуақ,
Соның көзі көрді ғой.
Менің атам – Өтеміс
Елдің қамын жеді ғой, – деген жалынды, отты сөздер тек елім деп еңіреген ердің аузынан ғана шықпақ.
– Балалар, Махамбет неге қолына қару алып атқа мінді?
– Махамбеттің ақындығын, батырлығын, күйшілігін қалай дәлелдер едің?
– Жәңгір ханның ісінен неге ол құса болды?
– Атасы Өтемістің елдің қамын жеген азаматтығы туралы не білесіңдер?
(Егер Өтемістің кім екендігі туралы білмесе, ол мәлімет үй тапсырмасына қалдырылады).
Ереуіл атқа ер салып, егеулі найза қолға алып, қара қазан, сары бала қамы үшін қылыш сермеп, отты тілін безеген Махамбет бабамыздың батырлық әрі ақындық тұлғасы өз жырларында қалай көрініс табады? Оқып, талдап көрелік.
Топтық тапсырма. Оқулықпен жұмыс. Махамбет бейнесі көрінетін өлеңдерін оқушылар мәнерлеп оқиды.

1 - топ:
Мен едім
Бозағаштан биік мен едім,
Бұлтқа жетпей шарт сынбан.
Ел құтқарар ер едім, –
Жандаспай ақыры бір тынбан.
Томағалы сұңқар мен едім –
Толғамалы найзамен
Толықсып жауға шапқанда,
Бір озғанмын жұртымнан.
Ер дұшпаны көп болар,
Қатын – дұшпан, жігіттер,
Не демес дейсің сыртымнан?!

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама