Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Махамбет Өтемісұлының шығармашылығы
Қазақ әдебиеті 7 класс
Сабақтың тақырыбы: Махамбет Өтемісұлының шығармашылығы.
Сілтеме: Оқулық, интерактивті тақта, тақырыпқа байланысты қосымша материалдар.
Мақсаты: Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беру.
ақын өлеңдеріндегі Исатай бейнесін және тарихи деректер бойынша тұжырым жасай білуге үйрету, Махамбет шығармашылығы арқылы әдебиет теориясы ұғымдарын меңгерту
оқулық пен қосымша материал деректерін пайдаланып өз пікірін қорғай білуін, шешен де дәлелді сөйлеу шеберлігін дамыту
Махамбет өлеңдері арқылы оқушылардың бойындағы тарихи ұлттық сана қалыптастыру, ерлікке, патриотизмге тәрбиелеу.
Типі: Жаңа сабақты меңгерту
Түрі: Ойталқы
Көрнекілігі: Махамбет өлеңдерінің жинағы, бейнефильм, қосымша деректер, суреттері.
Оқыту нәтижесі: Тақырыпты меңгеріп, білім қоржындарын Махамбет шығармашылығымен толықтыру.
Тірек ойлар: «Азаматтық рух», «Туған жерге сүйіспеншілік».

Сабақтың мазмұны
Шақыру
I. Ұйымдастыру бөлімі
- Амандасу, назарларын бүгінгі сабаққа аудару.
Оқушылардың тиімді жұмыс жасауына жағдай жасау.
Флеш - тренинг:
«Жүрек жылуы» Флеш - тренингтің өтуіне ықпал жасайды.

Мақсаты: класта жылы, мейірімді атмосфераны орнату.
Оқушылар ортаға дөңгеленіп тұрып, бір - біріне бүгінгі күнге сәттілік тілеп, жүрек жарды жылы сөздерін айтады.
Топқа бөлу II. Топқа бөлу арқылы үй тапсырмасының игерілу деңгейін тексереміз. (Өткен Дулат Бабатайұлының «Аягөз, қайда барасың?!» өлеңінің шумақ жолдарын табу бойынша бес топқа бөлінеді.
1 - топ:
Тауды екіге жарасың
Тастың қашап арасың,
Кесіп өтіп кезеңді
Аягөз, қайда барасың?
2 - топ:
Тарбағатай тауынан
Тоқсан сала қосылып,
Тоғыз өзен түйісіп,
Ақтың төмен жосылып.
3 - топ:
Ағының тасты ағызып,
Арнаң қалды осылып.
Күркіреген үніңнен
Аңдар қашты шошынып.
4 - топ:
Қырға суың тарады,
Ойға суың барады.
Тоғанменен тосылып,
Аягөз, сенің бойында.
5 - топ:
Несібе, ырыс тегіс қой,
Сай - салаң толған жеміс қой.
Қырың - малдың кіндігі,
Ойың - өнім егіс қой.
Оқушылар өз топтарына отырады.

III. Үй тапсырмасын тексеру.
«Миға шабуыл» әдісі
«Мұғалім – оқушы»
- Шешендік өнер дегеніміз не?
- Шешендік өнердің пайда болуы неге байланысты?
- Қазақ риторикасын сөз еткенде алдымен ауызға кімді аламыз?
- Қазақ халқының би - шешендерін ата?
- Үш жүздің билерін ата?
- Біз қай жүзге жатамыз?
- Қай би - шешеннің нақыл сөздерін білесіңдер?

IV Негізгі бөлім.
Мұғалімнің кіріспе сөзі. Тарихи деректер. Мұғалімнің сөзін тыңдайды.
Махамбет туралы бейнефильм қарайды.
ХІХ ғасырда Бөкей ордасында Ресей патша өкіметінің отаршылдық саясатына қарсы көтерілген қазақ халқының ұлт - азаттық көтерілісі болды. Оның басшылары Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы болған еді. Олар халықты хан - сұлтандарға, білегі жуан билерге қарсы көтерді. Көтерілістің болу себебі: шаруаларды шұрайлы қонысынан, жер - суынан, өрісінен айырылуы, хан - сұлтандар мен патша өкіметінің езгісіне, қыстағына түсіп күйзелуі еді.
Махамбет тек көтеріліс басшысы ғана емес, ол - ақын, қаруымен де, жалынды сөзімен де халқына қызмет қылып, сол заманнан естелік етіп өлеңдерін қалдырған. Халықтың азаттығын көксеген күрескер, ел бастаған батыр, өр рухты ақын.
Махамбеттің «Жұмыр қылыш» күйі

«Жигсо» әдісі
Оқушылар жаңа ақпаратты өз беттерінше, кейін топпен бірге отырып талқылайды. Сосын әр топ бір - біріне түсіндіреді, сұрақ қояды.
Жұмыс кезінде АКТ - сы бойынша Махамбеттің «Жұмыр қылыш» күйіне түсірілген видео ойнап тұрады.

V. Топтық жұмыс. Үлестірме мәтін
Мұғалім оқушыларға мәтінді таратып, жұмыс жасау жоспарымен таныстырады. «Венн»диаграммасы Диалогтік оқыту.
Мәтіннен Исатай мен Махамбет бейнелеріндегі ұқсастықты табу. Оқушылар қойылған сұрақтарға толық - дұрыс жауап беруге тырысады. Дұрыс жауап беріп, әр жауапқа бір ұпайдан жинайды. (фишка) Венн диаграммасын толтырып, тақтамен ұқсастықты тексереді.

VI. Шығармашылық жұмыс: «Азаттық үшін алысқан қазақтың арыстан ұлдары» тақырыбы бойынша әр топ өз ойларын постерді қорғау арқылы жеткізеді. Қосымша, өздері білетін деректер, ұялы телефондар арқылы жұмыла постер салады.

VIІ. Сергіту сәті. Мұғалім «Қара жорға» әнін қосады. Оқушылар экранға қарап, қайталап билейді.
Рефлексия
VIІІ. Бағалау. Топтың көшбасшылары топ мүшелерінің жұмыс жасау деңгейіне тоқталады.
«Екі жұлдыз, бір тілек» стикерді жабыстыру.
Нәтижелі жұмысқа «Үш шапалақ».

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама