Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Махмұд Қашқаридің «Қордайдың аққу қазы қаңқылдайды» өлеңі мен жинаған мақал - мәтелдері
Махмұд Қашқаридің «Қордайдың аққу қазы қаңқылдайды» өлеңі мен жинаған мақал - мәтелдері
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)
Махмуд Қашқари және оның еңбегі туралы танысады. Мақал - мәтелінің тақырыптарын ашып, түйінді ойын айтады Мақал - мәтел жайында ұғымды еске түсіреді. Махмуд Қашқаридің нақыл сөздеріне пікір айтады
Сабақ мақсаттары мен оқу нәтижелері: Барлығы: Махмуд Қашқари өмірі және оның еңбегі туралы танысады. қосымша мәліметтер жинайды.
Басым көпшілігі: Мақал - мәтелінің тақырыптарын ашып, түйінді ойын айтады Мақал - мәтел жайында ұғымды еске түсіреді.
Кейбірі: Махмуд Қашқаридің нақыл сөздеріне пікір айтады. Қазақ тіліндегі мақал - мәтелдермен ұқсастығын табады

Алдыңғы оқу: Жүсіп Баласағұн
Басталуы ұйымдастыру кезеңі
«Сиқырлы қобдиша» жаттығуы.
Нұсқау: Қатысушылар шеңбер құра отырады. Ортада сиқырлы қобдиша тұрады. Сыйлық қағазда адамгершілік қасиеттер жазылған.

Оқушыларды топқа біріктіру
«Театрға кіру билеттері» әдісі арқылы қима қағаздарын таратып, жұмбақтардың жауабын шешу арқылы топқа біріктіру

Үй тапсырмасын сұрау
Топпен жұмыс «Веер» әдісі
1 - тапсырма. Сұрақ - жауап. «Веер» әдісі арқылы өткен тақырып бойынша сұрақтар жазып, топтар бір - біріне береді.

Ортасы
Жаңа сабақ
«Миға шабуыл» стратегиясы.
Қазақ жерінің дөңгелек картасын жасаған ғұлама ғалымды білесіңдер ме? Түркі тілдерінің сөздігін жасаған ғалым.
Мәтінмен жұмыс. «ДЖИГСО» әдісі
Топтық жұмыс. Мәтінді бөліктерге бөліп «ДЖИГСО» әдісі бойынша көрші топтарға түсіндіреді
Өлеңді талдау. Жеке жұмыс
«Ойлан, тап" әдісі
«Қордайдың аққу қазы қаңқылдайды» өлеңіне СКТ. Өлеңнің аудиожазбасын тыңдау арқылы талдайды.
Оқулықпен жұмыс
Топтық жұмыс
Махмұд Қашқари жинаған түркі мақал - мәтелдерінен «Ақылдың алты қалпағы» әдісі бойынша мақал - мәтелдерді талдау.

Алматы облысы,
Еңбекшіқазақ ауданы,
Т.Рысқұлов атындағы орта мектеп
қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Темиркулова Мадина

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама