Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 апта бұрын)
Махр деген не? Оның мөлшері

"Махр" (арабша: مهر) - Ислам дінінде неке кезінде күйеу жігіттің әйелге беретін материалдық мүлкі немесе мүліктік құндылықтың бір түрі. Бұл - Ислам заңы бойынша әйелге тиесілік ету үшін күйеу жігіттің міндетті түрде беруі тиіс сыйлық немесе кепілдік. Махрдың мөлшері неке келісім-шартында анықталады және ол әйелдің меншігі болып саналады. Махрдың маңызы Ислам дінінде әйелдің құқықтарын қорғауға және оның өміріндегі экономикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етуге көмектеседі.

Ханафи мазхабында мұндай сыйлықтың мөлшері мәһір-мислдың жартысынан аспауы, бес дирһамнан кем болмауы керек[10].

 

ҮКІМ

 

1. Мәһір – қалыңдықтың ақысы. Келісілген мәһірді бермеу – күнә

 

2. Мәһір ақшалай немесе заттай беріледі. Оның сипаты мен мөлшері анық көрсетілуі керек

 

3. Мәһірдің ең аз мөлшері 10 дирхам, яғни 4,25 гр алтын[11] немесе оның құнына тең болуы тиіс. Жоғарысының шегі жоқ, бірақ оны екі жақтың жағдайына қарап белгілеген орынды

 

4. Мәһірді бірден беруге шамасы жетпесе, оның бір бөлігін алдын ала беріп, қалғанын кейін бере алады.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама