Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Майлықожа Сұлтанқожаұлы (күнделікті сабақ жоспары)
Күнделікті сабақ жоспары, қазақ әдебиеті 10 сынып.
Тақырыптар:
1. ХІХ ғасыр әдебиеті
2. Дулат Бабатайұлы
3. Махамбет Өтемісұлы
4. Абыл Тілеуұлы
5. Майлықожа Сұлтанқожаұлы

Сабақтың тақырыбы: Майлықожа Сұлтанқожаұлы
Сабақтың мақсаты: а) Майлықожа Сұлтанқожаұлының шығармалары тағлымдық шығарма екенін түсіндіру;
ә) оқушылардың сөйлеу тілін жетілдіре отырып, шешендік өнерге баулу;
б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, дамыта оқыту.
Сабақтың көрнекілігі: кітаптар, слайдтар
Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.
1. Абыл Тілеуұлының жинақтары қандай атпен жарық көрді?
2. Қандай айтыстарын білесіңдер?
3. Қандай жырларды жырлап жеткізген?
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Шымкент облысы, Сарыағаш ауданында 1835 жылы дүниеге келген. Әкесінен 14 жасында жетім қалған ол жоқшылық - мұқтаждықты көп көреді. Жастайынан өлең шырқауды машық етеді. Ол қарапайым халықтың күйзелісін, махаббат бостандығын жырлап, адал еңбекке үндеген көптеген өлеңдерін жазады. "Жігіттің көркі - өнері", "Жақсылардан шыққан сөз" шығармаларында терең ойшылдың, сын көзбен қараушылық басым.
Майлықожа қазақ ақындарының дәстүрін жалғастырған. Шығыс әдебиетінің үлгілерімен жақсы таныс болғандықтан, өз шығармашылығының өрісін кеңейтуге, оларға еліктеп, мол әсер алғанын байқауға болады.
Ақын:
... Мәлім болған халыққа,
Өтірік емес анық та,
Өнер алды — тіл еді.
Сарттан өткен Науаи
Тілдің кәусар гүлі еді.
Парсыда еткен Фирдоуси,
Заманында дүр еді.

Не жүйрік келіп дүниеге,
Аяқтарын тіреді.
Қарсыласқан хандарға
Үзеңгісін шіреді...
Бәрі де өтті дүниеден,
Бәрі де өтті дүниеден,
Адам бар ма оларды
Есіткенде күймеген, -

деп, оларға ерекше ден қойып құрметпен қарағанын, өзіне үлгі тұтатынын мақтанышпен айтады.

Кітаппен жұмыс: Майлықожа Сұлтанқожаұлының толғауларын мәнерлеп, нақышына келтіре оқиды.
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.
1. Майлықожа қай жылы дүниеге келген?
2. Қандай толғауларын білесіңдер?
Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына, сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Майлықожа Сұлтанқожаұлының өмірі мен шығармаларын оқып келу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


6, 7, 8, 9, 10 сабақтарды қарау
11, 12, 13, 14, 15 сабақтарды қарау
16, 17, 18, 19, 20 сабақтарды қарау

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама