Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Майра Мұхамедқызы

Майра Мұхамедқызы — опера әншісі. 1969 жылы 9 мамырда Құлжада (Қытай) қазақ отбасында дүниеге келген. Әкесі — музыкатанушы, композитор, ал анасы — Қытай Халық Республикасының халық әншісі. Сондықтан болар, ата-анасы қыздарының музыкалық талантын қолдап отырған. Майра Қытай халық университетінің музыка бөлімін бітірді. 1994 жылы отбасымен бірге тарихи Отаны — Қазақстанға оралды, Майра Виолетта, Джильда (Д. Верди, «Травиата», «Риголетта») партияларын орындай жүріп, Абай атындағы Опера және балет театрында өз шығармашылығын шыңдай бастады. Әлемнің түкпір-түкпірін шарлаған ол «Үлкен опера» француз театрының сахнасында тамаша өнер көрсетті. Әмір Қаракұловтың «Жылама» көркем фильмінде басты рөлді ойнады. 2000 жыл Майра Мұхамедқызы «Тарлан» сыйлығының иегері атанды.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама