Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Мектеп бағдарламасындағы шығармалардың көркемдік ерекшелігін оқытудың тиімді жолдары
Ұстанымы:
Бой жетпеген жерге ой жетеді
Қыран жетпеген жерге қиял жетеді

Мектеп бағдарламасындағы шығармалардың көркемдік ерекшелігін оқытудың тиімді жолдары

Кіріспе
Гуманитарлық пәндерді, соның ішінде әдебиет пәнін оқытуға әрдайым зор көңіл бөлініп отырылады. Әдебиет пәні сабағында оқушылар тек білім нәрімен ғана сусындамай, сонымен қатар оларға тәрбиелік тұрғыдан да сабақ беріліп, болашаққа бағыт - бағдар сілтенеді. Әдебиет пәнінің әр сабағында түсіне білген адамның жан - дүниесі танысып отырған әр кейіпкермен бірге әрекеттер жасап, олармен бірге толғаныс - тебіреніс үстінде болады. Ал, түсіне білмеген адамға бұл сабақ терең бір тұңғиық теңіздей болып көрінеді. Әдебиет сабағы арқылы адамның жан - дүниесі байып, асқақ армандарға ұшқандай бір сезімде болады. Мазмұндаушы әр тыңдаушының жүрегіне, сезіміне әсер ете білуі керек. Әдебиеттің ерекшелігі де осында. Мұғалім білім беруде әр түрлі оқу процесінің әдіс, түрлерін тиімді қолдана білуі керек. Олардың саналы, сапалы меңгеруіне бағыт - бағдар беріп отыруы тиіс. Оқушы сабаққа тек тыңдаушы ғана емес, еңбектенуші, өз ойын жеткізе білуші, өз бетімен білім алушы ретінде қатысса көбірек ұтады. Оқушыларда осы жағдайларды қалыптастыруда оқу - тәрбие процесін барынша жақсартып, жаңашылдандырып отыруы қажет. Әрбір мұғалім оқытудың тиімді әдістерін қолданып, жан - жақты білім беруге, өз ойын толық жеткізуге толық жағдай туғыза білсе, көздеген мақсатына жетері анық. Мұндай жағдай, әсіресе, көркем шығарманы оқытуда өте пайдалы.

Шығарманы жүйелі түрде талдап, оқуға оқушыларды үйрету, машықтандыру негізінен орталау мектептен басталады. Күні бүгінге дейін мектепте жалпы көркем шығарманы талдаудың, оның ішінде, поэзия, проза, драма саласы бойынша бірізділікпен келе жатқан 4 түрлі әдісі бар:
- Мазмұндық - тақырыптық талдау, шығарманы тұтастай ала отырып талдау;
- Кейіпкерлік - бейнелік талдау, шығармадағы кейіпкерлер тізімін шығара отырып, кейіпкерлер, оның өзара бірлік сабақтастығын, олардың шығарма тақырыбы мен оқиға желісіне қатысын айқындауға ықпалын ажырату, салыстыру;

- Саяси - әлеуметтік талдау, шығарманың әлеуметтік мәнін, білімділік - танымдық, тәрбиелік ролін, қоғамдық ортаға ықпалын, қоғамдық пікір қалыптастырудағы мәнін ұғындыру;
- Тілдік - эстетикалық талдау, шығарманың тілдік ерекшелігін, сөз өрнегін, суреттемелік шеберлігін, көркемдік сөздер табиғатын, стильдік айырмашылығын таныту.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Ерім Гүлнәр Жолдыбайқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама