Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Мектеп жасына дейінгі баланың сауықтыру іс - шаралары
[b]Мектеп жасына дейінгі баланың сауықтыру іс - шаралары[/b]

Балалардың шынығуы мен сауықтыруы.[/b]
Баланың денесін бірінші күндерінен бастап және ылғи да шынықтырудың маңызы зор. Дене температурасының тұрақтылығы термо реттеу процесі арқылы сақталады.

[b]Әдістері:[/b] Ауа, су, күн сәулелері осының бәрі негізгі шынығу әдістеріне жатады.

[b]Таза ауа.[/b] Таза ауа – шынығудың ең кең тараған және жеңіл түрі. Бұл жағдайда жыл маусымының ерекшелігі ескерілуі тиіс:
- Жылдың жылы кезеңінде шынығу үшін ұзақ уақыт таза ауада серуендейді; ауа температурасы 16 С - тан төмен болмаса, үйдің терезесін ашып қойып ұйықтауға болады;
- Жылдың суық кезеңінде шынығу үшін белгілі бір уақыт жаяу серуендеу, шаңғы тебу, жеңіл киініп, шынығу жүгірісі деп аталатын «баяу», «жүгіру», «коньки тебу» т. б пайдаланылады. Далада организмді мұздатып алмау үшін тез қимылдап, жаттығуды ұзаққа созбайды.

[b]Су процедурасы. [/b]Су ауаға қарағанда жақсы шынықтырады. Судың жылу өткізгіштік қасиеті ауаның жылу өткізгізгіштігінен 23 есе артық. Су теріс температуралық әсер етумен бірге механикалық әсер етіп – массаж жасайды. Капиллярлық қан айналысын жақсартады. Су көмегімен үй жағдайында шынығу ең көп тараған түрлері:
- Денені сулы орамалмен ысқылап сүрту – суық судың температурасы 34 – 35 с - тан төмен болмағаны жөн. Күн сайын дымқыл орамалмен сүртінгенде 6 - 7 күннен кейін судың температурасын 1 c - тан төмендетіп отырып, оны 24 – 22 c - қа дейін жеткізеді. Денені дымқыл орамалмен ысқылауды және суық сумен жуыну осы температурада 2 - 3 ай бойы жасайды.
- Душ – шынығудың тиімді тәсілі, әсіресе контрасты (қарама - қарсы) деп аталатын душ қабылдау. (бірақ бұны тек дені сау және едәуір шыныққан адамдар пайдаланған жөн).

[b]Күн шуағына шынығу.[/b] Күн шуағымен шынығудың ең тиімді уақыты – 9 - дан 11 – ге дейін. Балаларға 11 - жасқа дейін ағаштың көлеңкесінде шынығу керек. Бұл әдіс қимыл - қозғалыс ойындар кезінде жақсы.

[b]Дене жаттығулары.[/b] Дене жаттығуларына таңертеңгілік гимнастика, дене шынықтыру сабағы жатады.

[b]Шомылу[/b]. Айдың суға шомылудың пайдасы зор, ол денені шынықтыруға жан - жақты әсер етеді, өйткені судың термикалық және механикалық тітіркендіру әсері ауа, күн сәулесі әсерлерімен және суда жүзу қимылымен ұласады.

[b]«Морж болу»[/b] Қыста суық суға түсумен («морж» болу) тек денсаулығы зор адамдар ғана айналысуға болады. Ол үшін организмді суық судың әсеріне алдын - ала біртіндеп (1 жылдан кем емес) үйретеді. Суық суға 20 – 30 секундтан артық түспей, тез, жылдам қимылдау қажет. Қыста суға түсумен шұғылданушылар дәрігердің бақылауында болады.

[b]Монша.[/b] Шынығудың тағы бір түрі – моншаға түсу. Ол дем алуға және қан айналымына күшті әсер етеді.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама