Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Мектеп жасындағы баланың жеке тұлғалығын қалыптастыру мен дамытудың негіздері
Мектеп жасындағы баланың жеке тұлғалығын қалыптастыру мен дамытудың негіздері

Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі стратегиялық даму бағдарламасында білім беруді инновацияландыруға сай икемдеу үшін білім беру жүйесін ақпараттандыру, жаңа талапқа сай дамыту талабы қойылып отыр. Осы талапқа сай бүгінгі таңда білім беруде жеке тұлғаны дамыту, өзіндік көзқарасы бар баланы оқыту мен тәрбиелеу жолдарын айқындау қажеттігі айқын.

Қай елдің болмасын өсіп - өркендеуі, өнуі, әлемде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің қалыптасуына, даму бағытына тікелей байланысты. Сондықтан да, мемлекет басшылығы болашақта қазақ елінің көсегесін көгертіп, ғылымын көркейтер деген үмітпен тұлғалығы бар шығармашыл балаларға үлкен назар аударуда, қолдау көрсетуде. Осы орайда қандай да болмасын білім беру мекемесі оқушыларға мемлекеттік білім стандартына сай білім берумен шектеліп қалмай, оларды ғылыми ізденіс жұмыстарға тартып, шығармашылық, дарындылық қабілеттерін дамыту бағытында жұмыс жүргізуі тиіс.

Мектеп жасындағы баланың тұлғалығын қалыптастыруда неге баса аударуымыз керек. Соған тоқталайық.
Мектеп жасындағы балалардың тұлғалығын дамытуда және олардың шығармашылығын қалыптастыруда алдымен:
1) Мотивтерін;
2) Қажеттіліктерін;
3) Қызығуларын ескеру керек екені түсінікті болды.
Бұлар мектеп жасындағы дамуының негіздері болып табылады.

1 - кесте. Мектеп жасындағы баланың дамуының негіздері.
Мотивтер

Мектеп жасындағы баланың дамуының негіздері
↓----------------------------------------------↓
Қызығулар ------------------------- Қажеттіліктер

Себебі әр баланы – дара деп қарасақ олардың «даралығы» немесе өзіндік ерекшелігі мотивтері мен дүниетанымынан, сенімінен, талғам, мұратынан, бағыттылығынан, қажеттілігі мен қызығуынан жақсы байқалады.
Адамды әрекетке бағыттайтын, қажетін өтеуге талаптандыратын бір түрткі болады. Бұл түрткіні психологияда мотив (себеп) деп атайды.
Мотивтер дегеніміз – іс - әрекет пен мінез - құлықтың саналы түрде жасалынуы. Сөйтіп мотив ретінде алуан түрлі жайлар көрініс береді. Тұлғаны қандай да болмасын іс - әрекетке итермелейтін негізгі қозғаушы мотив оның түрлі қажеттері, яғни бір нәрсеге мұқтаждануы. Өмір сүру үшін адамдар тамаққа, киімге, және т. б. толып жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыруға тиісті.
Мектеп жасындағы баланың мотиві – оның бір нәрсені керек етуі, мұқтаж болуы. Педагог ең бірінші баланың осы «мотивін» табуы керек.
Қажеттілік дегеніміз - өмір мен дамудың белгілі бір жағдайында адамның міндетті түрде керек ететін қажетсінулері. Қажеттілік адамның бойында белсенділік сезімін оятады. Адамдар өмір сүру үшін қоғамдық өндірісті дамытады. Қажеттілік те өндірістің өсуімен бірге дамып отырады.

Қажеттіліктер белгілі дәрежеде адамның күйініш - сүйінішіне, ойлауына және ерік - жігеріне әсер етеді. Қанағаттандырудың түрі мен тәсіліне қарай, қажеттіліктің орындалу немесе орындалмауына байланысты адамдар мазасыздану немесе тыныштану, рақаттану немесе азап шегу сезімдеріне тап болады. Мектеп жасындағы баланың қажеттілігі – оның белсенділігін дамытады, ерік - жігерін оятады. Педагог педагогикалық іс - әрекетінде үнемі осыны ескеруі керек.
Қажеттіліктердің түрлері. Адамның қажеттіліктері алуан түрлі. Оларды топтарға бөле отырып, материалдық, рухани және қоғамдық қажеттіліктер деп көрсетуге болады.
Материалдық қажеттіліктер баланың өмір тіршілігінің (бұл тамаққа, киімге, тұрғын үйге, тұрмыстық заттарға т. б. заттарға қажеттіліктер) негізіне байланысты.
Мектеп жасындағы балалардың рухани және әлеуметтік қажеттіліктері дұрыс қалыптасқан жағдайда материалдық қажеттіліктерін орынды қанағаттандырылады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама