Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 9 сағат бұрын)
Мектеп түлегі жүргізуші куәлігін алып шығатын болады

Қазақстанда мектеп түлегі жүргізуші куәлігін алып шығатын болады. Бұл туралы бүгін ҚР Үкіметі отырысында еліміздің Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Балалардың жолда жарақат алу деңгейі азаймай отыр. Осыған байланысты алғашқы әскери дайындық оқу бағдарламасына оқушыларға көлік жүргізу, сонымен қатар жол қауіпсіздігі ережесін оқытуды енгізетін боламыз. Осының нәтижесінде мектеп бітіретін балаларға көлік жүргізу  курсын бітіргендігі туралы куәлік беріледі. Мұғалімдерді қайта даярлауға қаражатымыз бар», - деді министр.

Оның айтуынша, бұл жайында еліміздің Қорғаныс министрлігімен арада келісім де жасалған.

«Процесс кезең-кезеңімен 2017 жылдан бастап қолға алынады», - деді Е.Сағадиев.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама