Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Мектепке дейінгі мекемелерде  баланың даму прогресін жетілдіру мүмкіндіктері
Тақырыбы: Мектепке дейінгі мекемелерде баланың даму прогресін жетілдіру мүмкіндіктері
І. Кіріспе
Мектепке дейінгі мекемелерде баланың даму прогресін жетілдіру мүмкіндіктері
ІІ. Негізгі бөлім
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың құрылымы.
1. Бала тілін дамытудың маңызы.
ІІІ. Қорытынды.

Ұрпақ болашағы – тәрбие мен білімде.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2008 жылдың 6 ақпанындағы халыққа Жолдауында «Кішкентай бүлдіршіндердің дамуына ықпал ететін үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы ретіндегі мектепке дейінгі білім беруге баса назар аударған жөн. Және бұл сатыны олардың шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға арналған тиімді бағдарламалармен қамтамасыз ету қажет. Әрбір балалардың білім алуға, еңбекке және қоршаған ортаға бейімі, қарым - қатынасы нақ осы кезеңде қаланатынын естен шығармауымыз керек» - деп айтылған.

Жас ұрпақ тәрбиесі сияқты үлкен міндетті шешуге мектепке дейінгі қоғамдық тәрбиенің орны ерекше. Олар өмір есігін жаңа ғана ашқан жас буындар денесінің, ақыл - ойының, сана - сезімінің дамуына, адамгершілік қасиеттері мен эстетикалық талғамның қалыптасуына жағдай жасайды.

Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мақсатты қоғам талабынан туады. Өйткені елімізге Отанын сүйетін, білімді, моральдық бейнесі жоғары, шығармашылық еңбекке бейім, рухани дүниесі бай, жетілген адамдар қажет.

Тәрбие мақсатын анықтау – қашанда қоғам шешетін қажетті мәселе, өйткені жас ұрпаққа білім мен тәрбие берудің жүйесін құру, қоғамдық тәрбие орындарының типтері, оқу - ағарту мекемелерінің сипаты, оқу - тәрбие жұмысының мазмұны, әдісі, формасы тәрбие мақсатына байланысты анықталады.

Бүгінгі таңда білім беру жүйесінің алғашқы буыны болып табылатын мектепке дейінгі кезеңде балалардың ақыл - ой қабілетін жан - жақты дамыту және тәрбиелеу мәселесіне ерекше мән берілуде, себебі осы кезеңде балалардың ақыл - ой қабілетін дамыту мүмкіндіктері мол. Ғалымдардың пікірінше табиғи жаратылысында ақыл - ой қабілетінің алғашқы шарттары 50 - 60% байқалған. Баланың ақыл - ой ерекшеліктері жаратылысынан шығармашылық, ізденімпаздық сипаттарға ие, алайда оны дұрыс бағытта дамыту жағдайлары әрқилы, сондықтан баланың ақыл - ой қабілетін дамыту, оның нақты бағыттарын айқындау ең алдымен оның жас және дара ерекшеліктерін ескеріп тәрбиелеуге байланысты. Балалардың толыққанды ақыл - ой тәрбиесін сенсорлық процестерді қалыптастырудан бастау қажет. Ойлау әрекетін дамыту сөйлеусіз мүмкін емес. Бала тілді меңгере отырып заттар, олардың қажеттері, белгілі туралы білімдерді игере бастайды. Нақты бағдарлама мазмұнына сай балалар қарапайым математикалық ұғымдарды меңгеру негізінде санау, салыстыру, заттардың ұғындырып, енін, биіктігін өлшеу, сұйық және сусымалы заттардың көлемін шартты өлшеуіштердің көмегімен өлшеу, сондай - ақ жиын, сан, есептеу ұғымдарын да дидактикалық және танымдық ойындар арқылы үйренеді.

Білім берудің ең төменгі сатысы – мектепке дейінгі кезең және тұлғаның даму іргетасы, оқу әрекетін қалыптастырудың ең қуатты кезеңі. Бұл сатыдағы баланың есте сақтау қабілеті, қабылдауы төмен болғанымен білуге құштарлығы зор болады.
Даму ортасының негізінде тұлғаның дамуын қамтамасыз ететін мектепке дейінгі білім беру мекемесі, баланың тұлғасын дамытуда оның жеке ерекшелік мүмкіндіктерін ашып, таным белсенділігін қалыптастыру мақсатында мынадай міндеттерді шешуі шарт.

- Баланың ішкі белсенділігін дамытуға арналған қажетті мүмкіндіктер жасау;
- Әр балада оның жеке дара қасиеттері мен қабілеттерін ашып, олардың өмір сүруге қажетті салаларға орнығуына мүмкіндік көрсету;
- Әр баланы тұлғалық ерекшеліктерін ашып көрсетуге және оны дамытуда көмегін тигізетін жаңа жолдарды іздестіру;
- Әр баланың тұлғасына деген құрмет пен сүйіспеншілікті қамтамасыз ететін қарым - қатынасты орнату;
- Тұлғаға әсер етудегі белсенді әдістерге бағдар жасау;
Мұндай педагогикалық технологиялардың жан - жақты тарағаны оң нәтижесін танып жатқан бірқатар түрлерін атауға болады.
- Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы арқылы әлемді, шарлау, эссе құру, тірек сызбалар әдістерін үйренсе.
- Ойын арқылы оқыту, білім беруді ізгілендіру технологиясында қарапайымдылық, кішіпейілділік, өзара түсінушілік сезімдерін баулиды.
- Оқытудың ақпараттық технологиялары арқылы мультимедиялық құралдарды пайдалану.
- Психофизиологиялық талаптарды басшылыққа ала отырып компьютерлік ойындарды қолдану. Мектепке дейінгі балалардың ата - аналарына кездескен проблемаларды бірлесіп шешу мүмкіндігін бере отырып, оларды білім беру мен тәрбие беру процесіне тартуға міндетті.
Отбасында ата - аналарға педагогикалық білім өте қажет, себебі ата - ана бала тәрбиесінің мақсат, міндеттерін айқын түсінбей бала тәрбиесінің жолдары мен амалдарын ойдағыдай іске асыра алмайды.
Ата - аналармен әңгіме кезінде өсіп келе жатқан сәбидің мүмкіндіктері зор, бірақ олар шексіз емес екендігін олармен бірге өткізілетін тренингтерде ескерту қажет.
Баланың мүмкіндіктерін ескермей дамуды жеделдетуге болмайды, сондай - ақ даму барысында кідірісте болмау қажет. Сондықтан ата - ана ерте сәбилік және мектепке дейінгі жастағы балалардың дамуының психофизиологиялық көрсеткішін білуі маңызды.
Бүгінгі таңда біз «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың» жаңа стандартымен жұмыс істеудеміз. Оқу жүктемесі 5 білім саласы бойынша жүргізіледі: Олар «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта».
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың негізгі мазмұны білім беру қызметінің нәтижесі ретінде баланың құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған.

1. Денсаулық сақтау құзіреттілігі:
- өзінің физикалық денсаулығын ойлауға және тіршілік іс - әрекетінің
қауіпсіздік ережесін сақтауға;
- қозғалыс дағдыларын меңгеруге;
- түрлі оқиғаларға қатысты өзінің эмоциялық күйін білдіруге;
- денсаулық сақтау негіздерімен жеке бас гигиенасының дағдыларын меңгеруге мүмкіндік береді.
2. Коммуникативтік - тілдік құзіреттілік:
- ауызша қатынастың алуан түрлі құралдарын ана тілінде және басқа тілдерде қарым - қатынас пен өзара іс - әрекет құруда пайдалануға;
- тілдің қажетті лексикалық және грамматикалық құралдарын талдау және оларды ойындарда, сөздік шығармашылықта және іс - әрекеттің басқа түрлерінде пайдалануға мүмкіндік береді
3. Танымдық құзыреттілік:
- қоршаған ортаға қызығушылық білдіруге;
- алға қойылған міндеттерге парапар қызмет тәсілдерін таңдауға;
- алға қойылған мақсатқа жетуге;
- экологиялық білімді меңгертуге;
- сұрақтар қоюға, эксперимент жасауға, себеп - салдарлық байланыстар орнатуға;
- құрастырылымдық іс - әрекеттегі ойды жүзеге асыруға;
- заттарды олардың жалпы түсінігі негізінде біріктіруге және оларға ауызша анықтамалар беруге мүмкіндік береді.
4. Шығармашылық құзыреттілік:
- музыка, өнер туралы білімдер негізіне қызығушылық танытуға;
- көркем туындылар және халықтық шығармашылыққа өзінің қатынасын білдіруге мүмкіндік береді;
- көркем құралдармен (түс, ырғақ, пішін, композиция және т. б.) жеке көркем образдар жасауға мүмкіндік береді.
5. Әлеуметтік құзыреттілік:
- тәртіпке парапар мінез - құлықтың баламасын таңдауға;
- өз мүмкіндігінің шегін білуге;
- ересектермен және құрдастарымен бірлескен қызметке қосылуға;
- қазақ және Қазақстан Республикасында тұратын мәдени құндылықтарын түсінуге мүмкіндік береді.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама