Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Мектепке дейінгі ұйымдар мен отбасы жағдайында баланы ерте жастан дамыту
Атырау облысы, Индер ауданы,
Өрлік ауылы «Болашақ» балабақшасының тәрбиешісі
Кадырбекова Данира Чапаевна

Мектепке дейінгі ұйымдар мен отбасы жағдайында баланы ерте жастан дамыту

«Баланы ерте жастан дамытудың жолдары»
Мақсаты: Жеке тұлғаны жан - жақты дамыту;
Баланың қабілеттерін ашуға мүмкіндік туғызу;
«Таным» білім беру саласы бойынша жаңа инновациялық технологияларды пайдалана отырып балалардың бойындағы танымдық қабілеттерін дамыту.
Міндеті:
Ерте жастағы (1 жастан бастап 3 жасқа дейінгі) балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Алғашқы қадам» бағдарламасын іске асыру

Мектепке дейінгі ұйым мен отбасының бала дамуындағы
Міндеттері:
Бала мүддесіне сай тәрбиеленушілердің отбасымен өзара түсінушілігін және сенімін, ынтымақтастығын орнату.
Балаларды жан - жақты үйлесімді дамыту, денсаулығын сақтау және нығайтумен байланысты міндеттерді шешуге біріктіру.

Ойын іс - әрекетінде баланың дамуы
Дидактикалық
Сюжетті - рөлдік
Қимылды
Үстел үсті

Баланы тәрбиелеудің әдістері
Адамгершілікке тәрбиелеу
Еркіндік пен еркін сөйлеуге тәрбиелеу
Әдептілікке, әдемілікке тәрбиелеу
Ұлттық дәстүрге, халық шығармашылығына қызықтыру

Ата - аналармен бірігіп, жұмыс жүргізу үшін алдымен педагогикалық мәдениетін көтеру керек.
Ата - аналардың педагогикалық мәдениеті дегеніміз не?
Ата - ана тәрбиеші ретінде педагогикалық дәрежеге жету.
Ата - ананың практикалық білім, білік түрлері және сапалы және саналы тәрбиеде қалыптасуы
Педагогикалық және психологиялық деңгейде теориялық білімнің дамуы.

Баланы ерте жастан дамыту үшін ата - аналармен бірлескен жұмыстар өткізу.
Оқу іс - әрекеттеріне қатыстыру.
Сауалнама жүргізу.
Ашық есік күні
Мерекелік кештер мен ертеңгіліктер.
Тренингтер өткізу.
Спорттық сайыстар.

Сөз соңында:
Балабақша мен отбасындағы ынтымақтастықты біріктіре отырып оқу және тәрбиелеу жүйесін ұйымдастырып, әр баланы жеке тұлға ретінде қазіргі заман талабына сай рухани жан дүниесін байытып, бойындағы құндылықтарды дамыту.
Оқу – тәрбие жұмысын ұйымдастыру, оны жақсарту, бала тәрбиесін талапқа сай жақсы жолға қою үшін балабақша ұжымы мен ата - аналардың бірлескен ынта - жігерімен, тәрбиешілердің іскерлігімен атқарылатын жұмыстар алда әлі де жалғасын табады.. Осындай жұмыстарды атқару барысында төмендегідей нәтижелерге қол жеткізуге болады:
*Балалар тәрбиесіне бірыңғай әрі жүйелі қарауды қамтамасыз ету мақсатында ата - аналармен серіктестік қарым - қатынас орнатылады.
* Ата - аналардың баласының даму мәселесіндегі біліктілігі артады, олармен қарым – қатынасында педагогикалы міндеттер қойып, білігі пайда болады. Біздің мақсатымыз заман талабына сай жаңашыл, шығармашыл, мәдениетті, жан - жақты сауатты жеке тұлға тәрбиелеу десек, ата - анамен балабақша арасындағы тығыз қарым - қатынас, бірлік, ынтымақ жарасым тапқан жағдайда ғана оның бала тәрбиесіне тигізетін ықпалы да нәтижелі болмақ.

Назарларыңызға рахмет!

Слайдты жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама